Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Пән: Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)
Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»
Курс 4
Нұсқа № 2
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- ӨСОА, патогенезі және жіктемесі.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Геморрагиялық синдром бойынша ажыратпалы диагноз.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Миокард инфарктысының диагностикалық критерилері.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (фтизатрия)
- Созылмалы диссиминерленген туберкулез. патогенезі диагностикасы..
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (жұқпалы аурулар)
- Цитомеглавирусты инфекция, қоздырғыш сипаты, ағымы, диагностика негізі, емі, профилактикасы
- Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
Клиникалық тапсырма
38 жасар әйел. Шағымдары: айқын жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, қол саусақ бастарының және аяқ балтырының жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін жансыздануы мен күйдіруіне, ауырсынуна, есте сақтау және көруінің бұзылысына.
Анамнезінен: соңғы жылдарда 20 кг дейін дейін салмақ қосу байқалған. Скрининг жүргізу кезінде гликемия деңгейі 6,5 ммоль/л. Мекен жайы бойынша амбулаторлы этапта толық тексерілген, гликемиялық профиль алынған (аш қарында қан плазмасында гликемия деңгейі – 6,9 ммоль/л, постпронциалды гликемия – 10,2 ммоль/л,), гликозилирленген Hb – 8 %, аш қарындағы инсулин – 50 мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л), С-пептид деңгейі — 3 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл), ЖЗА – салыст.тығыздығы – 1015, қант-теріс, ақуыз – теріс, жалпақ эп. -2-3 к/а. Соңғы жылдары жалпы әлсіздік, жұмыс қабілетенің төмендеуі, көз көруінің нашарлауы, ұмытшақтық, ал 6 айдан бастап полинейропатия көріністері байқалған.
Өмір анамнезі: тұқым қуалаушылық — анасында 60 жасында ҚД анықталған, соңғы жылы инсулина терапия қолданады.
Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауыр. Конституциясы гиперстениялық типті, ДСИ = 35 кг/м2 , тері жамылғысы бозарған, ұстағанда жылы, cravidarum стриялар анықталды, бозарған. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТАЖ минутына 18. Жүрек шекарасы өзгермеген. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы: оң жағы – 1 см төстен оң жақта, жоғарғысы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шеті, сол жағы – 5 қ/а-та сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 1,5см сыртта. Аускультация кезінде жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 82 дейін. АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ ауырсынусыз, перкуторлы өзгермеген. Дәреті ретті, пішінді. Зәр шығару еркін ауырсынусыз.
Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — Hb 122 г/л, эритроциттер – 4,1 х 1012/л, ТК – 0,9, лейкоциттер – 4,5 х 109/л; тромбоциттер – 200 х 109/л; ЭТЖ 12 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: көлемі -100,0, ақшыл-сары, мөлдір, ақуыз –теріс, лейкоциттер – 0-1 к/а., эритроциттер – 0-1 к/а.; Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 13 мкмоль/л, тікелей – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 БІР (қалыпты 0-40 БІР), АСТ 40,3 БІР (қалыпты 0-37 БІР), холестерин 7,3 ммоль/л (қалыпты 3,1-5,2 ммоль/л), креатинин – 68 ммоль/л, жалпы ақуыз — 68 г/л. ЭКГ: вольтажы орташа, горизонтальді ЭОС, сол жақ қарыншаның гипертрофия белгісі.
Тапсырма
- Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
- Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
- Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
- Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
- Емдеу жоспарын құрыңыз.
Нұсқа № 9
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Созылмалы пиелонефрит. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Сарғаю синдромы бойынша ажыратпалы диагноз.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Дерматомиозиттің диагностикалық критерилері.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (фтизатрия)
- Жеделдеу диссеминацияланған өкпе туберкулезі патогенезі, диагностикасы.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (жұқпалы аурулар)
- Герпестік инфекция. ВПГ 1, ВПГ 2 қоздырғыштарды сипаттау. Нұсқалардың ағымы. Анықтау және емдеу принциптері, алдын алуы.
- Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)
Клиникалық тапсырма
28 жастағы әйел адам. Шағымдары: іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, кеуде клеткасының ауырсынуына және жалпы әлсіздікке.
Анамнезінен: 3- күн бойы сырқат. Суықтаудан кейін жалпы әлсіздік, қалтырау, кейін жөтел, ентігу және демалғанда кеуде қуысының ауырсынуы қосылған. Өз бетінше дене қызуын төмендететін дәрілер қабылдаған, нәтижесі болмаған.
Қарағанда: Дене қызуы 39,0 С. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпені перкуссиялағанда — сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде өкпелік дыбыс тұйықталған. Аускультацияда сол өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 23. Жүрек маңы өзгермеген. Жүректің тұйығының салыстырмалы шекарасы: оң жағы – төстен оң жақта ІІ қ/а-та, жоғарғы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шеті, сол жағы –5 қ/а-та сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 1,5см ішке. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – минутына 92, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды. Ішін пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының астында. Көкбауыры пальпацияланбайды. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.
Тексерегенде: Жалпы қан анализі – Hb 120 г/л, эритроциттер 4,5*1012/л, лейкоциттер 13,0*109/л, эозинофилдер 0%, таяқшаядролы 12%, сегментядролы 72%, лимфоциттер 9%, моноциттер 7%.; ЭТЖ-35 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 15,4 мкмоль/л, тікелей билирубин 3,8 мкмоль/л, креатинин 100 мкмоль/л (қалыпты 62-115 мкмоль/л), мочевина 10 ммоль/л (қалыпты 2,5-8,3 ммоль/л).
Кеуде қуысының рентгенограммасы:
Тапсырма
- Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
- Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
- Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
- Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
- Емдеу жоспарын құрыңыз.
Нұсқа № 10
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 10% (терапия)
- Созылмалы панкреатит. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Диастолалық шу бойынша ажыратпалы диагноз.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
- Бронхылық демікпенің диагностикалық критерилері.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (фтизатрия)
- Химиотерапия қағидалары. Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктемесі.
- Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (жұқпалы аурулар)
- Жедел дизентерия. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.
- Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)
Клиникалық тапсырма
22 жастағы ер адам. Шағымдары айқын жалпы әлсіздікке, жұтыңу кезіндегі тамағының, сүйектерінің, іштің сол жақ бөлігіндегі қатты ауырсынуына, мұрынынан қан кетуіне, қалтыраумен жүретін дене температурасының 38,2˚С дейін көтерілуіне, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуына.
Анамнезінен: 2 апта бұрын жедел ауырған. Дене температурасы 39-40˚С дейін көтерілген, жұтыну кезінде, буындарында, ішінде ауырсынулар пайда болған, жалпы әлсіздік, мұрынан қан кету күшейген. Дәрігерге қаралған. Антибактериалды терапия тағайындалған, ем нәтижесіз болған.
Қарағанда: науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозарған, көптеген петехиалды бөртпелер. Қызыл иегінің гиперплазиясы. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған: жақасты 1,5 см дейін, қолтықасты, шаптағы 2 см дейін, консистенциясы эластикалық, ауырсынусыз, қоршаған тіндермен байланыспаған. Тамақ бездері ұлғайған, борпылдақ, шамалы қызарған. Төс сүйегін перкуссиялау кезінде ауырсыну. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТАЖ минутына 21. Жүрек шекарасы сол жаққа ортаңғы — бұғана сызығына дейін ұлғайған. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, тахикардия минутына 96 дейін. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Көк бауыры қабырға доғасының астынан 5 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, пальпация кезінде ауырсынады. Бауыры қабырға доғасының астынан 3 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, ауырсынады.
Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — Hb 44 г/л, эритроциттер – 1,7 х 1012/л, ТК – 0,8, ЭТЖ 34 мм/сағ, лейкоциттер — 78 х 109/л; лейкоцитарлы формула: бласты жасушалар – 59%, сегментоядеролы нейтрофилдер – 31%, лимфоциттер –10%. Тромбоциттер – 14 х 109/л; Миелограмма: қан түзілу қалыпты бластты түрде, бласты жасушалар 90%, эритроидты және мегакариоцитарлы өсінділер қатты басылған. Бласты жасушалардың цитохимиялық зерттеуі: бейспецификалық эстераза, қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, гликоген, липидтер реакциясына — теріс.