1. 29 жастағы науқас қыжылдауға, еңкейгенде, физикалық жүктемеде қышқылмен кекіруге, шағымданады. Шылым шегеді. Алкоголь қолданады. Басының жиі ауыруына байланысты үнемі баралгин қабылдайды. Ең ықтимал диагноз қандай?

С. Рефлюкс эзофагит

  1. 29 жастағы науқас қыжылдауға, еңкейгенде, физикалық жүктемеде қышқылмен кекіруге, шағымданады. Шылым шегеді. Алкоголь қолданады. Басының жиі ауыруына байланысты үнемі баралгин қабылдайды. Эзофагогастродуоденоскопияда: өңештің дистальды сегментінің кілегей қабатында 10% кем емес сызықты формалы эксудаты бар бірнеше беткей эрозиялар.Осы патологияда өңештің зақымдану дәрежесін анықтаңыз:

Б. 2 дәреже

  1. 20 жастағы науқас эпигастрий аймағының ауырсынуына, қыжылдауына, 1,5 жыл бойы қышқылмен кекіруге шағымданып ЖТД –ге келді. Шылым шегеді. Аздап ішімдік ішеді. Тамақтану режимін ұстамайды. Тілі ақ жамылғымен жамылған. Іші жұмсақ,  эпигастрий аймағында ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қандай?

С. Б типті гастрит

  1. 28жастағы науқас профилактикалық мақсатпен тексеруден өтті. Шылым шегеді. Аз мөлшерде алкоголь қабылдайды.Тамақтану режимін сақтамайды.ФГДС-те: асқазанның антральды бөлігінің кілегей қабаты гиперемияланған, ісінген, кілегей асты қабығына қан құйылған. Бұл көрініс қай ауруға тән?

Д. Антральды гастрит

  1. 61 жастағы науқас ас қабылдағаннан кейінгі, әсіресе ащы тағамнан кейін бірден эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айну,жеңілдік әкелетін құсуға,ауамен кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, тілінің күюіне, аяқ-қолдарының ұюына,үстінің  жыбырлауына,сұйық нәжіске шағымданады.Науқас өзін 7 жылдан бері ауырамын деп есептейді.Тұрақты емделмеген.Ең ықтимал диагноз қандай?

А. Аутоиммунды гастрит

  1. Егер науқас ұзақ уақыт гастрит байланысты ем қабылдаса және тәбетінің жойылуына, ет тағамдарына жиіркеніш сезіміне, дене салмағының төмендеуіне шағымданса, қандай патологияны жоққа шығаруға болады?

Д. Асқазан рагы

  1. М. 58 жастағы науқас эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға және асқазанның толып кету сезіміне, жүрек айнуға шағымданады.Өздігінен фестал,но-шпа қабылдаған. 20 жасында институтта оқып жүрген кезде дұрыс тамақтанбау салдарынан ауырған, эпигастрий аймағында ауырсыну, ауамен кекіру мазалаған. 3жылдан бері отбасылық проблемаға байланысты ішімдіке әуестенген. Соңғы кездері іштің жоғары бөлігінде,иррадиациясы жауырынаралыққа берілетін ауырсынулар жиілей түскен, жылтыр түсті сұйық нәжіс, салмағының төмендеуі мазалайды.Осы науқастың проблемасының ең ықтималды себебі?

С. Созылмалы панкреатит

  1. 49 жастағы толық әйел оң жақ қабырға доғасы астындағы,иррадиациясы оң иыққа, жауырынға берілетін ауырсынуға, ауыздағы ыстық сезімге шағымданады.ДМИ –– 31. Ең ықтимал диагноз қандай?

Д. Созылмалы холецистит

  1. ДМИ-33 науқасты физикальды тексеруде Кер, Ортнер симптомдары оң мәнді. Аталған симптомдар қандай патологияға тән?

Е. Созылмалы холецистит

  1. Ішімдікке әуес науқас ішінің ұлғаюын, мұрыннан, қызыл иегінен қан кетуді байқады. Тәбеті төмендеген. Салмағының төмендеуі байқалады. Тексеруде кеуде клеткасының алдыңғы бетінде тамырлы жұлдызшалар, асцитке байланысты іштің ұлғаюы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну анықталды.Бауыр 5см-ге ұлғайған. Гепатит В маркері оң мәнді. Ең ықтимал диагноз қандай?

С. Созылмалы гепатит

  1. Ішімдікке әуес науқас ішінің ұлғаюын, мұрыннан, қызыл иегінен қан кетуді байқады. Тәбеті төмендеген. Салмағының төмендеуі байқалады. Тексеруде кеуде клеткасының алдыңғы бетінде тамырлы жұлдызшалар, асцитке байланысты іштің ұлғаюы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну анықталды. Бауыр 5см-ге ұлғайған. Гепатит В маркері оң мәнді, репликация фазасы. Бұл жағдайда қандай терапия ең тиімді?

Б. Вирусқа қарсы

  1. Ішімдікке әуес науқас ішінің ұлғаюын, мұрыннан, қызыл иегінен қан кетуді байқады. Тәбеті төмендеген. Салмағының төмендеуі байқалады. Тексеруде кеуде клеткасының алдыңғы бетінде тамырлы жұлдызшалар, асцитке байланысты іштің ұлғаюы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну анықталды.Бауыр 5см-ге ұлғайған. Гепатит В маркері оң мәнді, репликация фазасы. Талағы пальпацияланды. Ықтимал диагноз қандай?

Е. Бауыр циррозы

  1. Науқаста асцит. Гепатит В маркері анықталды. Бауыр циррозы диагнозын дәлелдеу үшін қандай симптом арнайы болып табылады?

Д. Порталды гипертензия синдромы

  1. Бауыр циррозы бар науқаста лабораторлық зерттеу кезінде протромбиндік индекстің 40%ке төмендегені анықталды. Тромботест-2 дәрежелі, проконвертин-55% . Бұл жағдайда қандай асқынулар болуы мүмкін?

А. Варикозды веналардан қан кету

  1. Науқас майлы тағам, алкоголь қабылдағаннан кейінгі оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсынуға шағымданады. Бауыры ұлғаймаған. Бауыр және өт жолдарының УДЗ –де өт қабының мөлшерінің кішіреюі анықталды. Ықтимал диагноз қандай?

С. Өт шығару жолдарының гипертониялық түрі

  1. 32 жастағы науқас іштің сол жақ квадратындағы қайталамалы ұстама тәрізді ауырсыну шағымдарымен учаскелік науқасқа келді.Ауырсыну ұстамасы кезінде көп көлемді кілегей бөлінеді. Колоноскопияда ішектің кілегей қабығы патологиялық өзгеріссіз. Ықтимал диагнозды таңдаңыз:

Д. Ішек тітіркену синдромы

  1. Науқас К ., 36 жаста .Оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсынуға, склерасының және тері қабаттарының сарғыштығына, жалпы әлсіздікке, жүрек айнуына, ішінің ұлғаюына, мұрнынан қан кетуге шағымданып қабылдау бөліміне түсті.Балалық шағында гепатит А бастан кешірген. 16 жасқа дейін тұрақты түрде к\т ,б\етке және пероральды гепатопротекторлар қабылдаған. Бірнеше рет стоматологта емделген.20 жастан диетаны сақтамайды, сирек алкоголь қабылдайды. Тері жамылғысы, склерасы кілегей қабаттары сарғайған. Ішінің көлемі асцитке байланысты ұлғайған, оң жақ қабырға доғасы астында гепатомегалияға байланысты ауырсыну анықталады. Талақ пальпацияланады. Қанда: билирубин- 48 ммоль/л, тікелей емес билирубин — 30 ммоль/л. Бұл науқаста ықтимал диагноз қандай?
Читайте так же про:  Ішкі аурулар Терапии, Фтизиатрии, Жұқпалы аурулар 1, 4, 8

А. Бауыр циррозы

  1. Науқас атрофиялық гастритпен ауырады. Бұл патологияда ең тиімді ем қандай?

Б. Орын басушы

  1. Аталған аурулардың қайсысында азотемиясыз ерте гипостенурия болады?

С. Созылмалы пиелонефрит

  1. 48 жастағы науқас дизурияға, субфебрильді температураға шағымданады. Зәр анализінде: белок 0,033 г\л, лейкоциттер 20-30-ға дейін көру алаңында, бактериялар +++,меншікті салмағы- 1008, Қандағы мочевина- 7 ммоль\л. УДЗ-оң жақ бүйректің табақша-тостағанша жүйесінің  деформациясы. Бұл науқаста ықтимал диагноз қандай?

А. Созылмалы пиелонефрит

  1. Науқас 4 жылдан бері созылмалы пиелонефритпен ауырады. Бүйректе бірінші кезекте қандай өзгерістер болады?

Б. Бастапқы несептің концентрлену процесінің бұзылуы

  1. Қызметі алыс сапармен байланысты 52 жастағы науқас ЖТД дәрігеріне тәулік бойы мазалаған оң жақ бел аймағындағы ұстама тәрізді, иррадиациясы оң жақ мықын аймағына берілетін, но-шпа таблеткасын қабылдағанда басылмайтын , ауырсынуға, зәрінің түсінің қызыл түсті екендігіне шағымданып келді. Осы науқаста ықтимал диагноз қандай?

Д. Бүйректің ІІ амилоидозы

  1. Созылмалы пиелонефриттегі зәр анализі көрсеткіштеріне қандай өзгерістер тән?

А. Лейкоцитурия, бактериурия 1 гр-ға дейін

  1. 25 жастағы науқас аузының құрғауы, терісінің қышуы, бас ауруы, несеп бөлінуінің азаюы, ұйқышылдық, мұрыннан қан кетуге шағымданып, клиникаға жеткізілді. Анамнезінде: несептас ауруымен ауырады.Обьективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, қасу іздері бар, терісі құрғақ. АҚҚ 160\100мм . с.б.б. Жүрек тондары ырғақты, перикард үйкеліс шуы естіледі. Ықтимал диагноз қандай?

С. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

  1. 25 жастағы науқас аузының құрғауы, терісінің қышуы, бас ауруы, несеп бөлінуінің азаюы, ұйқышылдық, мұрыннан қан кетуге шағымданып, клиникаға жеткізілді. Анамнезінде: несептас ауруымен ауырады. Обьективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, қасу іздері бар, терісі құрғақ. АҚҚ 160\100мм . с.б.б. Жүрек тондары ырғақты, перикард үйкеліс шуы естіледі. Креатинин 1000мкмоль/л.Осы жағдайда қандай ем тиімді?

Д. Экстрокорпоралды терапия

  1. Қандай клиникалық варианттар созылмалы гломерулонефритке тән?

Д. АҚҚ жоғарылауы, ісіну синдромы, гематурия

  1. 38 жастағы науқас аузының құрғауына, аралықтың қышуына, шөлдеу, бас ауруына шағымданады. ДМИ АҚ-150/95 мм.с.б.б. Ықтимал диагноз қандай?

Е. Қант диабеті

  1. 38 жастағы науқас аузының құрғауына, аралықтың қышуына, шөлдеу, бас ауруына шағымданады. ДМИ АҚ-150/95 мм.с.б.б. Қан зерттеуі өткізілді.Қандай қосымша зерттеу көрсеткіші сіздің диагнозыңызды дәлелдейді?

С. Глюкоза жоғарылауы

  1. Науқас кезекте тұрып кенеттен құлады. Сұрақтарға жауап бермейді. Тері жамылғысы ылғалды. Қалтасынан қант табылды. Ықтимал диагноз қандай?

Б. Гипогликемиялық кома

  1. Науқас қант диабетінің I типімен ауырады. Әлсіздікке, шөлдің күшеюі, ауызының құрғауы, бас ауруына, қақырықты жөтелге шағымданды. Өздігінен ампициллин қабылдаған. Қызының айтуынша, таңертеңнен сұрақтарға жауап бермеген соң жедел жәрдем шақырған. Өкпесінде шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Ықтимал диагноз қандай?

Д. Диабеттік кома

  1. 34 жастағы науқас жүрегінің қатты соғуына, ашушаңдық, жылағыштық, бір айда 3 кг-ға арықтағанына шағымданады. ЖСС-99р\мин. АҚ- 140\80 мм.с.б.б. Көздерінің жылтырауы анықталды. Ықтимал диагноз қандай?

С. тиреотоксикоз

  1. 34 жастағы науқас жүрегінің қатты соғуына, ашушаңдық, жылағыштық, бір айда 3 кг-ға арықтағанына шағымданады. ЖСС-105 р\мин. АҚ- 150\80мм.с.б.б. Көздерінің жылтырауы анықталды, Грефе симптомы оң мәнді. Осы патологияда қандай ем тиімді?

Д. Тиреотоксикалық терапия

  1. 46жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ентігуге, тоңазуға, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, бет және аяқ-қолдарының ісіктеріне, іш қатуға шағымданады. Объективті: беті ісінген, бетперде тәрізді, сойлеуі кешеуілдеген. Аяқ-қолдары ісінген. Даусы төмен, қарлыққан. ЖСЖ- 52р\мин. АҚ- 90\60 мм.с.б.б. Тілі ісінген. Ықтимал диагноз қандай?

С. гипотиреоз

  1. 18 жастағы науқас бір ай бойы анемия бойынша емделген. Бірақ науқас жағдайы жақсармаған. Жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек аймағындағы шаншып және сыздап ауырсынудың күшеюіне, оған мұрнынан қан кетудің және дене температурасының 39гр.дейін көтерілуінің қосылуына шағымданады, Қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттар түсі бозғылт түсті. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз, айналасындағы тіндермен жабыспаған. Ықтимал диагноз қандай?

Д. Жедел лейкоз    саты

  1. 18 жастағы науқас бір ай бойы анемия бойынша емделген. Бірақ науқас жағдайы жақсармаған. Жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек аймағындағы шаншып және сыздап ауырсынудың күшеюіне, оған мұрнынан қан кетудің және дене температурасының 39гр.дейін көтерілуінің қосылуына шағымданады, Қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттар түсі бозғылт түсті. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз, айналасындағы тіндермен жабыспаған. Диагноз қоюда қандай диагностикалық әдіс көбірек ақпарат береді?
Читайте так же про:  Экстрафасциальная гемитиреоидэктомия слева. Экстрафасциальная тиреоидэктомия. Гемитиреоидэктомия слева.

Е. Сүйек миын зерттеу

  1. Науқасқа диагноз қойылды: Жедел лейкоз. Миелограммадағы қандай гематологиялық субстрат диагнозды дәлелдейді?

А. Бласттты клеткалар 30 % болуы

  1. Науқасты қарау кезінде анықталды:лимфоаденопатиялар,бауыр мен талақтың ұлғаюы,бадамша бездерінің,қызыл иегінің гиперплазиясы,ауыз қуысының жаралы – некротикалық өзгерістері, миелограммада 30%-астам  бластты клеткалар.Аталған өзгерістер қандай синдромға тән?

Б. Гиперпластикалық синдром

  1. Жедел лейкозы бар науқас полихимиотерапия қабылдайды.Осы емнің терапиялық әсер ету механизмі қандай?

Д. Иммунодепрессорлық терапия

  1. Науқаста скринингтік тексеру барысында мойын лимфа түйіндерінің конгломерат түрінде ұлғаюы анықталды.Биопсияда: жағындыда Боткин – Гумпрехт көлеңкесі анықталды.Осы клеткалардың болуы қандай патологияда кездеседі?

Е. Созылмалы лимфолейкоз

  1. Созылмалы лимфолейкозы бар науқас үдемелі әлсіздік, тершеңдік, оң жақ қабырға доғасы ауырсынуға, дене температурасының көтерілуіне шағымданады. Қарағанда: лимфа түйіндерінің симметриялы ұлғаюы: мойын, қолтық асты, мөлшері 3*3см, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз, бір-бірімен және айналасындағы тіндермен жабыспаған . Осы жағдай аурудың қандай сатысына сәйкес келеді?

С. Шешілген сатысы

  1. Науқас гемотология бөлімшесінде, хлорбутин (лейкеран) тәуліктік дозасы 15мг қабылдайды. Бұл препарат қандай патологияда терапевтік ем көрсетеді?

Д. Созылмалы лимфолейкоз   сатысы

  1. Науқас М., себепсіз әлсіздік, еңбекке қабілетінің төмендеуі, бас айналуына шағымданды. Қарау кезінде: тері жамылғысының бозаруы анықталды, талақ пальпацияланады. Ықтимал диагноз қандай?

Б. Созылмалы миелолейкоз

  1. Науқас ұзақ уақыт бойы гепатит және анемия бойынша ем қабылдайды. Жүргізілген емнен нәтеже жоқ. Детальды талдау кезінде ауқымды спленомегалия анықталды. ФГДС нәтижесі бойынша: созылмалы гастрит. ЖҚА – да: Лейкоцитоз 15х109\л, промиелоциттер, базофильді – эозинофильді ассосиация. Стернальді пункция жасалды. Миелограмма мәліметтері: миелокариоциттер, промиелоциттер, миелоциттер,метамиелоциттердің, мөлшерінің артуы анықталды. Аталған гематологиялық өзгерістер қандай ауруда көрініс береді?

С. Созылмалы миелолейкоз шешілген сатысы

  1. Науқас күнделікті гидрооксимочевина тәуліктік дозасы 30мг/кг қабылдайды. Қандай патологияда бұл препарат терапевтік эффект көрсетеді?//

Б. Созылмалы миелолейкоз

  1. Науқас А.,50жаста, бас ауруы, бас айналу, бастағы ауырлық сезіміне, құлағының шуылдауына, саусақтарындағы шымшу және жансыздану сезіміне, әсіресе, ванна қабылдағаннан кейінгі терісінің қышуына, қызыл иегінің қанағыштығына, табандағы ,балтырдағы қызарумен жүретін жергілікті күйдіріп ауыру сезіміне, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Пальпаторлы:бауыры мен талағы ұлғайған. АҚ -160\100мм.с.б.б. Ықтимал диагноз қандай?

Е. І полицитемия шешілдген сатысы

  1. Гепато – спленомегалия синдромы бар науқасқа стернальды пункция жасалды. Миелограммада: қан түзудің 3 өсіндісінің эритроидты және мегакариоцитарлы басым гиперплазиясы.ЖҚА: эритроциттер: 7,0х10 12/л; Нв – 170г/л; лейкоцитоз- 15х109/л; гематокрит – 60% . Қандай ауру аталған гематологиялық өзгерістермен көрінеді?

А. І полицитемия шешілген сатысы

  1. Науқас гематологиялық бөлімшеде миелосан 6мг/тәулігіне,қан жіберу, реополиглюкин және гепарин, трентал қабылдайды. Қандай патологияда комплексті ем терапевтік эффект көрсетеді?

Д. І эритроцитоз

  1. 44 жастағы әйел 2 жылдан бері анемиямен ауырады.Бірнеше рет гематологиялық бөлімшеде емделген. Бактериальды пневмониядан кейін жағдайы нашарлаған.Гинекологиялық бөлімшеге жатырлық қан кетумен түсті .Тексергенде: Тері жамылғысы мен кілегей қабаттардың айқын бозаруы анықталды. Бауыр мен талақ пальпацияланады.ЖҚА: Нв – 20г/л; лейкоциттер – 1.8х109/л; ретикулоциттер – 0,4%; тромбоциттер – 15000; Ықтимал диагноз қандай?

Д. Гипопластикалық анемия

  1. 70 жастағы науқас жүрісінің бұзылуына, тоңазуға , аяқ-қолдарының жансыздану сезіміне , тәбетінің төмендеуіне, етке жиіркеніш сезімінің пайда болуына, сұйық нәжіске шағымданады. Онкологта тексерілген, онкопатология анықталмаған. Ықтимал диагноз қандай?

А. В 12 жетіспеушілік анемия

  1. Миокард инфарктымен ауыратын науқаста лабораториялық тексеруде төмендегідей өзгерістер анықталған. Миокард инфарктын диагностикалауда қандай көрсеткіш «алтын стандарт» болып табылады?

Д. Тропонин жоғарылауы

  1. Науқас қант диабетімен ауырады. ЖЗА протеинурия анықталған. Науқасқа қандай препарат тағайындаған қолайлы?

Д. каптоприл

  1. Артериялық гипертензия емінде ұтымсыз комбинация қайсысы?

А. В адреноблокатор + Са конц.дегидр.блок

  1. Созылмалы жүрек жетіспеушілік емінде алтын стандарт болып табылады:

Б. АПП ингибитор

  1. Науқас 2 апта бұрын миокард инфарктысын басынан өткізді. Жүрек аймағындағы іркіліске шағымданады. Емдеу жоспарына қандай дәрілік препаратты қосқан орынды?

С. лидокаин

  1. 56 жастағы науқас ЖИА және ГБ байланысты ұзақ уақыт бойы тәуліктік дозасы 50мг атенолол қабылдаған. Аяғында әлсіздік, потенциясы төменденген. ЖСЖ минутына 50 рет. ЭКГ жүргізілген. ЭКГ-де:

              

            Бұл жағдайдағы дәрігердің әрекеті?

Б. Атенолол алып тастап басқа препаратқа көшу

  1. 67 жастағы науқас ГА ІІ бойынша «Д» есепте тұр. Тұрақты небиволол қабылдайды. Жүрек аймағындағы ауырсыну және ауырсынудың сол қолға таралатыны анықталған, нитроглицириннің әсері бар, көлденең жағдайда ентігу, аяқтарының ісінуі. Курлов бойынша бауыр шектері 14х13х 12см.  Аяқтағы ісік. ЖҚА: Hb-60 г/л,эрит.-3.1х102/л,  СОЭ-12 мм/с. ЭКГде: айдау фракциясы-40%.  Науқасқа емінде қай топ препараттары негізгі болып келеді?

а. АПП ингибитор

  1. АГ ауыратын науқаста стресс жағдайынан кейін басының қатты ауырсынуы, жүрек қағысы, құлағында шу естілді. ЖСЖ -105 рет минутына. АҚ 170/95 мм с.б.б.  Науқастың мақсаттық  АҚ 130/80 мм с.б.б. Дәрігер ГА ІІ сатысы, криз І типті  диагнозын қойды. Қандай терапия науқасқа әсерін береді?
Читайте так же про:  Ішкі аурулар Терапия, Фтизиатрия, Жұқпалы аурулар

А. Абзидан + дроперидол

  1. Науқас 33 жылданбері АГ ауырады. Физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек тұсындағы сығып ауырсыну сезімі тыныштық жағдайда басылатынына шағымданады. Соңғы 2күнде ұстама пайда болған. Бірнеше рет ЭКГ жасалған. Патология анықталмаған. Диагноз қою үшін қандай диагностика қолданған дұрыс?

С. коронароангиография

  1. Науқас 33 жылданбері АГ ауырады. Физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек тұсындағы сығып ауырсыну сезімі тыныштық жағдайда басылатынына шағымданады. Соңғы 2күнде ұстама пайда болған. Бірнеше рет ЭКГ жасалған. Патология анықталмаған. Науқасқа емінде қай топ препараттары негізгі болып келеді?

Д. антиангинал

  1. 44 жастағы науқас ЖИА ауырады. Кезекті ұстамада ЭКГ жасалған. ЭКГде:

             Науқастың ұстама уақытында және ұстамадан кейін 30 минут өткендегі ЭКГсі:

            

            Ұстаманы басқаннан кейін 30 минут өткендегі ЭКГ:

            

             Бұл жағдайда қай топ препараттары тиімді?

С. антиангинал

  1. 37 жастағы науқаста жиналыс үстінде кеуде тұсының сығып ауырсыну пайда болған. Бұрын бұндай ауырсыну болмаған. Темекі шегеді. Объективті қарағанда: науқас артық тамақтанады, ДСМ-31. Жүректің сол жақ шегі 1.0см солға кеңіген. Жүрек тондары анық, ырғақты, экстрасистолалар бірең-сараң. Бірінші кезекте қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген дұрыс?

Д. электрокардиография

  1. 37 жастағы науқаста жиналыс үстінде кеуде тұсының сығып ауырсыну пайда болған. Бұрын бұндай ауырсыну болмаған. Темекі шегеді. Объективті қарағанда: науқас артық тамақтанады, ДСМ-31. Жүректің сол жақ шегі 1.0см солға кеңіген. Жүрек тондары анық, ырғақты, экстрасистолалар бірең-сараң. Науқасқа қандай тактика қолданған дұрыс?

С. Кардиологиялық бөлімшеде емдеу

  1. Науқас 55 жаста СОӨА Созылмалы өкпе текті жүрек декомпенсция стадиясы ауруымен ауырады. Осы науқастың жалпы емдеу жоспарына қандай дәрілік препараттарды қосқан дұрыс?

С. Диуретик Са антагонисі

  1. 66 жастағы СОӨА, декомпенсацияланған өкпетекті жүрекпен ауыратын науқас төс артындағы ауырғандыққа шағымданады. Об-ті:  айқын акроцианоз, ТАЖ18 рет минутына, ЖСЖ 100 рет миутына, АҚ 120\80 мм.с.б. Қандай қосымша тексеру әдісін ең алдымен жүргізу керек?

Б. ЭКГ

  1. Төменде көрсетілген қосымша тексеру әдістерінің қайсысы бронх өткізгіштігінің бұзылуын анықтайды?

С. сперография

  1. Науқас 20 жаста бронхиальды астмамен «Д» бақылауда тұр. Ұзақ әсерлі β2 агонистерін қабылдайды. Жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бақылау үшін қосымша тексеру әдістерінің қайсысын ең алдымен өткізу  керек?

Б. пикфлоуметрия

  1. 22 жастағы науқас кілегейлі қақырықты жөтелге,дене қызуының көтерілуіне,тыныс алумен қатысы бар, кеуде сарайының оң жағында ауырғандыққа шағымданып дәрігерге келді. Тексергенде: оң жақ жауырын астынан перкуторлы дыбыстың қысқаруы, дауыс дірілінің күшеюі анықталды. Тынысы қатқыл,оң жақта артқы аксилярлық сызық бойынан плевра үйкеліс шуы,крепитация естіледі. Диагнозды верификациялау үшін қосымша тексеру әдісінің қайсысын ең алдымен жүргізу керек?

Д. Өкпе рентгенографиясы

  1. 25 жастағы науқас тізе,білезік буындарындағы ұшпалы ауырғандыққа,физикалық жүктемеге байланысты ентігуге, жүрегінің қатты соғуына шағымданып дәрігерге келді. Физикальды тексергенде беті қызыл шырайлы, перкуторлы жүректің оң жақ шегі жоғары және оңға ығысқан. Аускультативті: тондары ырғақты,  1 тон күшейген,жүрек ұшында диастолалық шу, 3-ші тыңдау нүктесінде IIтонның акценті. Осы науқасқа төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы радикальды?

Е. Митралды клапанды протездеу

  1. Науқаста ревматикалық процесстің акивтілігін диагностикалауда төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең ақпаратты?

А. Антистрептоктокиназалық эритроциттерді анықтау

  1. Науқас М., 25 жаста физикалық жүктемеге байланысты ентігуге, жүрегінің қатты соғуына, қан түкіруге шағымданады. Созылмалы тонзиллиті бар. Физикальды тексергенде жүрек шегінің жоғары, солға және оңға кеңігені анықталды. Аускультативті: тондар ырғақсыз, жүрек ұшында қолтық астына тарайтын   систо – диастолалық шу, 3-ші тыңдау нүктесінде IIтонның акценті естіледі. Диагноз қою үшін қосымша зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?

С. ЭхоКГ