Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Пән:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)

Мамандық:  051301 «Жалпы медицина»

Курс 4

Нұсқа 20

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы өкпелік жүрек. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Гепатомегалия бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Феохромацитоманың диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. 1 категория бойынша туберкулез науқастарын емдеу

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Сальмонеллез. Нұсқалардың ағымы. Генерализденген түрлерінің мінездемесі. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

21 жастағы әйел адам. Шағымдары: физикалық күштеме кезіндегі ентігу мен жүрек қағуына, аяқтарының ісінуіне, бетінің ісінуіне, АҚ 160/110 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауына, жалпы әлсіздікке.

Анамнезінен: сұрастыру кезінде 18 жаста баспамен ауырғаннан кейін, науқаста буындарының ауырсынуы, субфебрилді сандарға дейін дене температураның көтерілуі, түнгі тершендік, әлсіздік, зәрінің қызыл түске боялуы мазалаған. Жүргізілген терапия оң әсер берген, бірақ көктемгі-күзгі уақытта ауырсынулардың, ісінулердің, қалтыраулардың қайталануы байқалған.  Соңғы жылда артериальды қысымның жоғарылауын байқаған. жедел респиторлы аурудан кейін бір апта бойы жағдайы нашарлаған.

Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, таза. Параорбиталды ісіну. Тізе буындарына дейін аяқтарының, қолдарының ісінуі, ұстағанда борпылдақ, жылы. Буындардағы қозғалыс шектелмеген. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүректің салыстырмалы шекарасы қалыпты жағдайда. Жүрек тондары ашық, ырғақ дұрыс. ЖЖЖ минутына 86. АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының астында. Көкбауыр пальпацияланбайды. Зәр шығаруы жиі, ауырсынусыз.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализінде  — Hb 120 г/л, эритроциттер 4,0х109, ТК -0,9, ЭТЖ-17 мм/сағ, таяқшаядролы 4%, сегментядролы 60%, лимфоциттер 25%, моноциттер 10%, эозинофилдер 1%. Жалпы зәр анализінде: көлемі  60,0, сары, реакция –қышқыл, салыстырмалы тығыздығы 1032, ақуыз – 3,0 г/л, жалпақ эпителий 3-4, лейкоциттер 5-6 к/а., эритроциттер – 8-10 к/а. Тәуліктік ақуыз жоғалтуы: 3,8 г. Биохимиялық анализде: СРБ 1, сиал қышқылы – 240 БІР, фибриноген – 6,0 г/л, жалпы ақуыз – 52 г/л, холестерин – 6,2 ммоль/л. ЭКГ-да сол жақ қарыншаға жүктеме белгілері. Бүйрек УДЗ: екі бүйрек контурлары тегіс, эхогендігі жоғарылаған.

Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина»

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

 

Нұсқа 16

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Гипотиреоз. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Артериялық гипертензия сидромы бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Жедел лейкоздың диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (фтизатрия)
  1.    Туберкулезді табу әдістері, бактериоскопия, көрсеткіштері, қақырықты жинау әдісі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Тұмау. Тұмау вирусының антигендік құрылымыы, оның биологиялық қасиеттері. Клиникасы. Ауырлық критериясы.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

Науқас А., 60 жаста. Шағымдары: тамақтан кейін пайда болатын эпигастриядағы, әсіресе сол жақтан «айналдыра» сипаттағы ауырсынуларға, тәулігіне 4-5 ретке дейінгі қорытылмаған тамақ қалдықтары бар, жиі үлкен дәретке баруына.

Анамнезінен: өзін 1 ай бойы науқас санайды, жоғарыда аталған шағымдар пайда болғаннан бері. Алкогольді шектен тыс қабылдайды.

Қарау кезінде: Конституциясы нормостениялық типті, тері қабаты құрғақ, бозарған. Тілі сұр жамылғымен жабылған. Пальпация кезінде іші ауырсынады. Мерфи, Шофар, Боас, Скульский симптомдары оң. Бауыр қабырға доғасынның бойында. Көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәреті қорытылмаған тамақ қалдықтарымен, ботқа тәріздес тәулігіне 4-5 ретке дейін.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — Нв 142 г/ л, эритроциттер – 4,94х1012/л, ТК 0.8, лейкоциттер 8,2х109/л, базафилдер-0% эозинофилдер -3%, таяқшаядролы -5%, сегментоядролы -62%, лимфоциттер -28%, моноциттер-2%. Тромбоциттер 190х109/л. ЭТЖ 32 мм/сағ; Жалпы зәр анализі – көлемі 80,0 мл, салыст.тығыз. 1020, ақуыз-жоқ, глюкоза – жоқ, лейкоциттер – бірлі – жарым к/а; Қанның биохимиялық көрсеткіштері:  жалпы билирубин 19 мкмоль/л, билирубин тікелей 5 мкмоль/л, АлАТ 35 БІР/л (N 0-38 БІР/л), АсАТ 40 БІР/л (0-40 БІР/л), γ ГТП – 100 БІР/л (N 15-106 БІР/л), сілтілі фосфотаза – 4.13 БІР, холестерин – 2.5 ммоль/л, қандағы қант – 3,3 ммоль/л, жалпы ақуыз – 64 г/л, креатинин – 56 ммоль/л, амилаза-8,8 мл/сл (қалыпты 8,8 мл/сл дейін). Копрограмма – бұлшықет талшықтары 10-12 к/а,  майлы қышқылдар 15-20 к/а, нейтралды май 2-3 к/а. Зәр амилазасы -75,4 (қалыпты –44,0 дейін). Іш қуысының УДЗ – Ұйқыбезінің диффузды өзгерістері, түтіктерінде кальцинаттар.

Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина» 6

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

 

Нұсқа 18 

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. ЖИА. Стенокардия. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Лимфоаденопатия кезіндегі ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Созылмалы пиелонефриттің диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (фтизатрия)
  1. Диспансерлік бақылау топтары.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Аденовирусты инфекция. Нұсқалардың ағымы. Диагностикасы және емдеу қағидалары.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

Ер адам, 35 жаста. Шағымдары: оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, жалпы әліздікке, жылдам шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне.

Анамнезінен: Өзін бір жыл бойы аурумын деп санайды, сол кезде жылдам шаршағыштықты, жалпы әлсіздікті байқаған. Тексерілмеген, өз бетінше ешқандай дәрілік заттарды қабылдамаған. Жағдайының нашарлануы бір ай бұрын, Түркиядан келгеннен кейін оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, себепсіз жалпы әліздік, жылдам шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Темекі шегеді, алкоголь қолданбайды.

Қарау кезінде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Конституциясы нормостениялық типті. ДМИ 19 кг/м2. Тері жамылғысы физиологиялық түсті, арқасында үлкен татуировка. Тілі ақ жамылғымен жабылған, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Шеткері ісінулер жоқ. Сүйек-буынды жүйе өзгермеген. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек тондары  айқын, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 76.  АҚ 125/80 мм.сын.бағ. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну. Бауыры қабырға астынан 2-3 см шығыңқы, шеті домаланған, ауырсынды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Дәретінің түсті қалыпты.

Читайте так же про:  Ішкі аурулар Терапия, Фтизиатрия, Жұқпалы аурулар 5, 7

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі: Нв 120 г/л, эритроциттер – 4,9х1012/л, ТК 0,8, лейкоциттер 6,2х109/л, базофильдер -0% эозинофильдер -2%, таяқшаядролы -5%, сегментядролы -62%, лимфоциттер-28%, моноциттер -2%, тромбоциттер 196х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ. Жалпы зәр анализі – көлемі  80,0 мл, салыст.тығыз 1024, ақуыз- 0,018 г/л, глюкоза – жоқ, лейкоциттер 2-3 к/а; Қанның биохимиялық көрсеткіштері: жалпы  билирубин 28 мкмоль/л, тура билирубин – 12 мкмоль/л, АлАТ 124 Бір/л (қалыпты 0-38 Бір/л), АсАТ 87 Бір/л (қалыпты 0-40 БІР/л), γ ГТП – 128 БІР/л (қалыпты 15-106 БІР/л), ЩФ – 480 нкат/л (қалыпты 139-361 нкат/л), холестерин – 3.5 ммоль/л, қандағы қант – 3.3 ммоль/л, жалпы ақуыз – 72 г/л, креатинин – 68 ммоль/л (қалыпты 45-97 ммоль/л), тимолды сынама 7 БІр.м (қалыпты   5 БІР.м дейін). Коагулограмма: ПТВ 15 сек (қалыпты  16 сек дейін),  ПТИ 89% (қалыпты 80-105%), фибриноген 3,3 (қалыпты 2,0-4,0 г/л). ИФА: anti HCV IgG- оң. ПЦР: RNA HCV оң, генотип 1b. Іш қуысының УДЗ: Гепатомегалия. Бауырда диффузды өзгерістер. Шамалы спленомегалия.

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.