Жедел жәрдем курсымен анестезиология, реаниматология кафедрасы

 

ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ

 

ОСКЭ № 4 Станциясы                             №________________ студент

 

 

Асқазанды зонд арқылы жуу

 

Тапсырма: Ересек науқастарға асқазан зонды арқылы жууды жүргізу

 

 

Кезеңдері Іс-әрекет кезектілігі

 

1 Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді     анықтау

 

 

 

 

 

  1. Көрсеткіш: Сапасыз тағам өнімдері мен   химиялық уланулардан кейін.

2.       Қарсы көрсеткіш:

–асқазанды жууға абсалютті қарсы көрсеткіштер: өңештің күрделі дивертикулдары мен тарылулары (6-8 сағаттан асқан) қышқыл-сілтілермен күрделі уланулар болғаннан кейін (өңештің жыртылулары болуы мүмкін)

-салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: миокард инфаркті, инсульттің жедел кезеңі, жиі тырысу ұстамаларымен жүретін эпилепсия (зондты тістеп қалу мүмкіндігі бар)

2 Коммуникативті дағдылар

 

  1. Сыпайы түрде науқасқа өзін таныстыру. Науқасқа шараның мақсатын және одан кейін мұрын арқылы терең тыныс алу өзгерісі болатынын және лоқсу, құсумен жағымсыз әсерлерін түсіндіру.
  2. Шара бойынша науқастың келісімін алу.
3 3 Асқазанды жууға дайындық
  1. Бұл шара үстелде отырып немесе қырынан жатқызылып жасалынады.
  2. Ұзындығы 1-1,5м қалың асқазан зондын дайындау, сыйымдылығы 0,5-1,0 л         воронка, су құйылған кувшин, 1% сода ерітіндісі немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін, шелек және науқасқа клеенкалық алжапқыш дайындаймыз.
  3. Науқастың аузынан алмалы тістерін алып тастаймыз және ауыз қуысын тазалаймыз. Егер науқастың есі анық болса алжапқышты кигіздіріп,         орындыққа отырғызамыз. Алжапқыштың төменгі бөлігіне шелек қоямыз.
  4. Зондтың енгізілуіне қарай, ұзындығын анықтау: зондтың жұмыр ұшын пациент кіндігіне қойып, жоғарғы күрек тісіне, одан құлақ сырғалығына дейінгі қашықтықты өлшейміз

 

4 Асқазан зондтын енгізудің іс-әрекеті
  1. Зондты тіл түбірінің артына тез енгізіп, науқасқа аузын жабуын және жұту әрекеттерін жасауын сұраймыз.
  2. Зонд трахеяға түскен кезде (науқас жөтеліп, тұншығып, көгере бастайды)         бұл жағдайда зондты тез арада алып тастап және қайтадан енгізуді бастаймыз.
  3. Зондтың дұрыс орналасқанын анықтау керек, Жане шприціне 30-40мл ауа толтыра отырып зондқа жалғаймыз. Фонендоскоппен бақылау арқылы ауаны енгіземіз. Тербелген дыбыстар естіледі.
5 Асқазанға сұйықтықты бірінші рет   енгізу  

  1. Зонд асказанға тускеннен кейін,зондтын                                   жоғарғы бөлігіне шұңғыманы(воронка)кигізіп, іш

аймағының қатынасындай       арақашықтықта

ұстап,шұңғыманы науқастың аузынан жоғары көтере отырып, сұйықтық құю.

2.Біріншілікті енгізудегі сұйықтықтың мөлшері 1 л

3.Егер сұйықтық шұңғыманың басына дейін жетсе,сонғы бөлігін төмен түсіріп,   асқазанды шайған суды шелекке ағызу керек.

 

 

6 Асқазанды жуу 1.      Іс-шараны көп рет қайталап, жуынды су тазаланғанша жалғастырамыз

2.      Ересек адамдарда асқазанды жууға шамамен 8-10 л су , балаларда жасына 1 л су қажет. Күрделі уланулар болған кезде (мысалы, фосфороорганикалық қосындылармен) 30-60л ге дейін су қажет етеді.

3.      Жуынды судың бірінші және соңғы порциясын лабораторияға зерттеуге жібереміз.

 

7 Асқазан жууды аяқтау Жуынды су тазарған соң, воронканы шешіп, зондты тез арада алып тастаймыз.
Читайте так же про:  Основы десмургии. Транспортная иммобилизация.