Тапсырма:: ӨЖЖ «ауыздан ауызға» әдісімен ересек адамдарға жүрек-өкпе-милық реанимациясын жүргізіп қорытынды жасау

 

 

ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ

 

ОСКЭ № 2 Станциясы                             №________________ студент

 

Жүрек-өкпе-милық реанимациясы: ӨЖЖ Амбу қапшығы көмегімен.

Тапсырма:: ӨЖЖ шығы көмегімен жасау және қорытынды беру.

 

Кезеңдері Іс-әрекет кезектілігі
1 ЖӨМР-на науқасты дайындау 1.Науқас жағдайын бағалау – айқайлау, иығынан қағу, екі жақтағы ұйқы артериясында пульс тексеру, өкпенің экскурсиясының бар жогын тексеру. қарашық көлемін бағалау (бір уақытта), тері жабындыларын бағалау.

2.Науқасты тегіс қатты беткейге жатқызу.

3.Кеуде торын киімнен босату.

 

2

 

Жоғары тыныс жолдарын тазалау және оның еркін өткізгіштігін қамтамасыз ету. 1.Науқастың басын өзімізге қаратып, дакеге оранған саусақпен ауыз қуысына санация жасаймыз.

3.Сафардың үштік әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын түзету және өткізгіштігін қамтамассыз ету:

А) науқастың бас жағынан тұрып, басын мойын бөлігінде шалкайту – бір қол науқастың мойны астында, екіншісі маңдайында.

В) төменгі жақты алдыға жоғары жаққа жылжыту, қолды бас бүгілмес үшін алмастан шынашақты төменгі жақтың бұрыштарына қоямыз.

С) екі қолдың үлкен саусақтарымен науқастың аузын   ашамыз.

3 ЖӨМР ауыздан ауызға әдісімен жүргізу. 1.Бір қолын науқастың басынан алмастан екінші қолмен нуқастың бетіне Амбу қапшығын қоямыз: ұшын мұрын жағына ал негізін иекке тірейміз, масканы қолдығ сұқ саусағымен және үлкен саусақ көмегімен қатты кысып ұстаймыз.

2. Үрлеуді науқастың кеуде қуысы айқын көтерілгенше, 1-2 секунд ішінде тез жүргізеді.

3.Науқастың тыныс шығаруы енжар және толық болуы керек.

4.Тыныс алғандағы ауа шамамен 300-500мл.

5. Үрлеу жиілігі минутына 12-16 ретті құрайды.

Әр тыныс беру алдында сафар үштігін қайталап отыру қажет

4 Жүректің тікелей емес массажы: қолды дұрыс қою. 1.Қолдар кеуденің төменгі 1/3 бөлігіне, семсер тәрізді өсіндіден екі саусақ жоғары орналастырылады.

2.Бір қол кеудеге негізгі алақан болып орналасып, екіншісі оның үстіне қойылады. Кеуде және иық буындарының арасындағы бұрыш 90°С-ты құрайды.

Компрессия үшін қол күштері емес, арқа және дене массасының күші қолданады.

5 Жүректің тікелей емес массажы: комрессияны жүргізу.  

1.Кеуде торына алғашқы басу, оның     эластикалығын анықтау мақсатында әлсіз жүргізіледі.

2.Иілу тереңдігі 4-5см, бір компрессияның ұзақтығы 0,5секунд, жиілігі минутына 80-100.

3.Әр компрессиядан кейін кеуде торы толық қалпына келуі керек, ол үшін қолды алу қажет, бірақ қолды науқас кеудесінен ажыратпау қажет.

4.ӨЖЖ және жүректің тікелей емес массажын бір уақытты жүргізгенде олардың қатынасы 2:30 бір реаниматор, екі реаниматорға да дәл солай.

5.Екі үрлеу және 30 компрессия жасаған реаниматор ЖӨМР 1 циклын жасайды. Әрбір 5 циклын жасай отырып реаниматор науқастың жағдайын 1.1 пунктінде айтылғандай етіп бағалайды.

 

6 Реанимациялық шаралардың нәтижесі. 1. ЖӨМР-ны ұйқы артериясындада пульс, кеуде қуысында экскурсия пайда болғанша немесе тыныс және жүрек әрекеті тоқтағаннан кейін 30минут аралығында жасайды.

2. Жасалған реанимациялық іс-шаралардың нәтижесі туралы қорытынды жасаймыз.

*егер мойын бөлігіндегі омыртқалар зақымына күмән болса, санация кезінде басты бұруға болмайды.

**егер мойын бөлігіндегі омыртқалар зақымына күмән болса, Сафар үштігін жасау барысында басты шалқайтуға болмайды.

*** Егер вентиляцияны ассистен жасап жатса онда екі қолмен жасау керек

 

Читайте так же про:  Ревматическая лихорадка (ревматизм) эпидемиология, этиология, патогенез, патанатомия