Іс-Әрекет АЛГОРИТМІ

 

Станция ОСКЭ № 5.                             Студент №________________

 

Несеп қуық катетеризациясы

 

Тапсырма: жұмсақ катетермен несеп қуық катетеризациясын жүргізу.

 

Кезеңдері    Іс-әрекет реттілігі
1 Коммуникативті дағдылар 1.                 Науқасқа сабырлы және мейірімді тонмен өзімізді таныстырамыз,және процедураның жүру барысы мен мақсатын түсіндіреміз. Науқастың қойған сұрақтарына жауап береміз.
2 Көрсеткіштер мен Керікөрсеткіштер 1.     көрсеткіштер: зәр шығарудың тежелуі, несеп қуықты шаю, контрастты заттарды ретроградты енгізу, зәрді зерттеугге алу.

2.     Кері көрсеткіштері: несеп қуық травмасы,жіті цистит, уретрит.

3 Процедураға дайындық 1.     Науқасқа алдағы процедураның мақсаты мен жүру тәртібін түсіндіріп, оның келісімін аламыз.

2.     Резиналық Нелатон, Пеццер, Померанцева – Фолея катетерлерін   , стерильді глицерин немесе вазелин майын, 2 стерильді пинцет, стерильді дәке салфеткаларын, тампондарды, фурацилин ерітіндісін (1: 5000), перманганат калий ерітіндісін (1: 10 000),  лоток, судно, клеенка,стерильді резина перчаткалары, 10мл сыйымдылықты шприц сияқты қажетті заттарды дайындаймыз.

3.      Қолымызды ағын судың астында 2 рет сабындап жуамыз, орамалмен кептіреміз, стерильді резина перчаткаларын киеміз.

4.     Катетеризацияны науқастың арқасымен жатқан қалпында немесе аяқтарын бүгіп және екі жаққа ашып жартылай отырған қалпында қатты жерде жүргізеді.

5.      Сыртқы жыныс мүшесін тазалау. Әйелдерде:

1) жамбас астына клеенканы төсеу;

2)  судноны қою;

3) әйелдердің сыртқы жыныс мүшесінің туалетін жүргізу;

4) уретраның сыртқы тесігі тұсында екі салфетка не тампон көмегімен жыныс еріндерін ашамыз;

5) фурацилиннің (1: 5000) ерітіндісіне малынған мақта тампонын пинцетпен алып, уретраның сыртқы тесігін дезинфицирлейміз;

Ер адамдарда:

1) науқастың аяқтарының арасына зәр жинауға арналған лотокты қоямыз;

2) жыныс мүшесін басынан төмен жерден салфеткамен ораймыз;

3) фурацилиннің (1: 5000) ерітіндісіне малынған стерильді салфеткамен жыныс мүшесінің басын дезинфицирлейміз;

3 Уретраға катетерді енгізу 1.     Пинцетпен жұмсақ катетерді алып, оның домалақ ұшын стерильді вазелинмен өңдейміз.

2.     Катетердің вазелинмен өңделген домалақ ұшын зәр шығару каналына әйелдерде 4-6 см тереңдікте, ерлерде 22-25 см-де абайлап, қатты күш түсірмей енгіземіз.Шамамен керекті 2/3 бөлігін енгізгеннен кейін, уретраның қуықасты бездік бөлігінен өту үшін, жыныс мүшесін денеге параллель қоямыз, катетердің сыртқы ұшын судноға не зәр қабылдағышқа қоямыз.

4 Катетеризацияның дұрыстығын тексеру Катетерден зәрдің бөлінуі, оның несеп қуықта тұрғандығын көрсетеді. Катетер арқылы   зәрдің өздігінен бөлінуі тоқтағаннан кейін, қасаға үстінен басамыз, несеп қуықтан қалған зәрді шығарып, катетерді тартамыз.
5 Катетерді шығарып алу Катетерді зәрдің барлық мөлшері несеп қуықтан шықпастан аз уақыт бұрын, зәрдің соңғы порциясы зәршығару каналын шайып шығатындай етіп шығарып аламыз.
7 Коммуникативті дағдылар Процедура барысында науқасқа өз іс әрекетімізді сабырлы және мейірімді қалыпта түсіндіреміз. Науқастың қойған сұрақтарына жауап береміз.

 

 

 

 

Читайте так же про:  Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жүргізу және жинау