Жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету курсы мен анестезиология және реаниматология кафедрасы

            ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ

Жүрек-өкпе-милық реанимация: ЖӨЖ «ауыздан-ауызға және мұрынға» әдісі бойынша жаңадан туылған және ерте жастағы балаларға жүргізу.

Тапсырма: жаңадан туылған балаларда ЖӨР-ны «ауыздан ауызға және мұрынға» әдісімен ЖӨЖ арқылы жүргізу және қорытынды жасау.

Кезеңдері Іс-әрекет реттілігі
1 Жағдайды бағалау
  1. Бала өмірінің алғашқы минутындағы жағдайы негізігі үш белгі бойынша жүргізіледі:

-өздігінен тыныстың болуы және оның сипаты;

— ЖСЖ ( иық артериясынан пульсті анықтау , бұл процедураға 10 сек. көп уақыт жұмсалмайуы тиіс);

— тері жамылғысының түсі.

2.      Алғашқы  реанимациялық іс шаралар кем дегенде тірі туылу шартының бір белгісі болғанда жүргізіледі:

— өздігінен тыныс;

-жүрек соғысы (ЖСЖ);

— кіндік пульсациясы ;

— бұлшықеттердің өзіндік қимылы.

3.Тірі туылудың барлық белгілері болмаған жағдайда, бала өлі туылған деп есептеліп, реанимациялық іс шаралар жүргізілмейді.

2 Науқасты ЖӨМР-ға дайындау. Сыртқы есту жолы мен иықты бір деңгейде тұратындай етіп,баланы тегіс,қатты беткейге жатқызамыз.
3

 

Жоғары тыныс жолын тазалау және оның еркін өткізгіштігін қамтамассыз ету.
  1. Ауызжұтқыншақ санациясын тек қана өмірінің алғашқы 10 секундында адекватты өзіндік тыныс пайда болмаған нәрестелерде және көп мөлшерде бөлінділер бөлінген жағдайда жүргіземіз.   Ауыз қуысының құрамын баллончик көмегімен санациялаймыз.
  2. Санация ұзақтығы 5 секундтан аспау керек .
  3. Алдымен ауызға, одан соң қажет болған жағдайда мұрын жолдарына санация жасаймыз.
  4. Мүмкін болатын брадикардия, ларинго- және бронхоспазмның алдын алу үшін, жұтқыншақты терең санацияламаймыз.
4 ЖӨЖ-ін «ауыздан-мұрынға» әдісі арқылы жүргізу.
  1. Сафар әдісін жүргізу: басты артқа шалқайтып, төменгі жақты алға шығарып,ауызды ашамыз.
  2. Баланың мұрнына және аузына дәке салфеткасын қойып, науқастың аузы жабық күйінде үрлейміз.
  3. Пациенттің кеуде клеткасы айқын көтерілетіндей етіп, 1 секунд ішінде бірден ауа үрлейміз.         Үрленетін ауа көлемі реаниматордың ауыз қуысы көлеміне сай келеді.
  4. Пациенттің дем шығаруы пассивті және толық болуы керек.
5 Жүрекке тікелей емес массаж : қолды дұрыс орналастыру
  1. Жүрекке тікелей емес массажға көрсеткіш: 30 секунд бойы жүргізілген адекватты ЖӨЖ кезінде ЖСЖ 60 рет соққы/мин аз болуы.Жүрекке тікелей емес массажды тек адекватты ЖӨЖ фонында жасаймыз.

2.      ЖЖМ 1 жасқа дейінгі балаларда екі қолмен ұстау арқылы жүргізіледі(негізінен ЖӨМР екі реаниматолог жасағанда):

— Баланың аяқ жағына және бір бүйіріне тұрыңыз.

-Төстің төменгі жартысында,шамамен емізік аралық сызықтан бір саусақ төмен бас бармақтар тұратындай етіп, қалған саусақтарды арқаға қойып, кеуде клеткасын екі қолмен ұстаймыз. Бас бармақтардың семсер тәрізді өсіндіні қатты басып тұрмағанына көз жеткіземіз (саусақтар дұрыс емес орналаспаса,бауырға зақым келуі мүмкін). Бала өте кішкентай болса,саусақтарды айқастыруға болады.

— Екі қолмен кеуде клеткасын толық қамтимыз,ал үлкен саусақтармен төсті үстінен басамыз.

3.      1 жасқа дейінгі балаларда ЖЖМ-ның екі саусақпен жүргізілу техникасы ( бір реаниматологқа арналған):

-Емізік аралық сызықтан бір саусақ төмен, төстің төменгі жартысына бір қолдың сұқ және ортанғы саусақтарының жастықшаларын қоямыз.

4. Массаж жүргізілу кезінде саусақтар кеуде клеткасынан ажырамауы тиіс.

6 Жүрекке тікелей емес массаж: компрессия жасау тәсілі
  1. Кеуде клеткасын кеуде клеткасының алдынан артқа қарай өлшемінің шамамен 1/3 бөлігін, 4 см-ге жуық деңгейде басамыз. Жүрекке тікелей емес массаждың эффективті көрінісі массаж кезінде ірі тамырларда пальпацияланатын пульс болып табылады.
  2. Жүрекке тікелей емес массажды ЖӨЖ мен 3:1 қатынасында жасаймыз. Минутына 90 компрессия және 30 рет тыныс берілуі тиіс .   Жүрекке тікелей емес массаж жасауды бастағаннан 30 секундтан соң, ЖСЖ бағалаймыз. ( реанимациялық іс шаралар кезінде ЖСЖ тек 6 секунд санаймыз. Одан соң 6 секундтағы ЖСЖ 10-ға көбейтіп, 1 минуттағы ЖСЖ анықтаймыз).

3.      Компрессия жүргізіп жатқан кезде келесі қолмен ( компрессия жүргізіп жатпаған), баланың басын нейтральді позицияда ұстап тұруға болады   ( бас және мойын травмасының белгілері болмаған кезде, басты шалқайған қалыпта ұстау үшін, және бас жарақаты кезінде басты артқа шалқаймаған күйде тұрақты қалыпта фиксациялау үшін).

7 Реанимациялық іс шаралардың қорытындысы
  1. Егер ЖСЖ минутына 60 реттен жоғары болса, жүрекке тікелей емес массаж жасауды доғарып, ЖӨЖ-ін тыныстың адекватты өз еркімен болып қалыптасқанына дейін жүргіземіз.
  2. Жүргізілген реанимациялық іс шаралардың эффективтілігінің критерийлерін келесі белгілер құрайды:

— тұрақты және эффективті өздігінен тыныс;

— ЖСЖ минутына 100 соққыдан артық.

  1. Жаңадан туылған нәрестелердің реанимациясын 10 минут ішінде ешқандай жүрек соғысы анықталмаған жағдайда тоқтатуға болады.

 

 

ЖСЖ-жүрек соғу жиілігі;

ЖӨМР-жүрек-өкпе-милық реанимация;

ЖӨЖ-жасанды өкпе желдетілуі;

ЖЖМ-жүректің жабық массажы;

Читайте так же про:  Іс-Әрекет АЛГОРИТМІ Несеп қуық катетеризациясы