Жеміс- жидек  және көкөніс негізінде дайындалған балалар тамақтану өнімдері

 

Жеміс- жидек  және көкөніс негізінде дайындалған балалар тамақтану  өнімдері консерві түрінде болады. Оларды жоғары сапалы балғын жемістер мен көкөністерден дайындайды. Дайын өнімдер ерекше дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді, белок, май және  көмірсу қатынасы  қолайлы (1:1:2 ден 4 дейін), сонымен қатар  витаминдер, темір, фосфор және басқа  минералды  заттар  құрамы  жоғары. Жеміс-жидек  және  көкөніс негізіндегі консервілер гоиогенделген  пюре  тәрізді  масса  болып табылады. Оларды  дайындау   кезінде  өсімдік шикізаттарымен қатар ас  тұзы, қанты, сары май, сүт, күріш, ұн және т.б. қосады. Олардың  жіктелуі 3-суретте көрсетілген.

Отандық балалар тамақтануына арналған консервілер ассортиметі МЕМСТ бойынша анықталған, ода жеміс және көкөніс консервілер түрі бойынша жіктелуі келтірілген. Оларға: табиғи жеміс-көкөніс езбелері; жеміс қоспаларынан дайындалған табиғи езбелер, қантпен жеміс-көкөніс және жидекезбелері; қантпен жеміс және жидек қоспасынан  жасалған езбелер; қантпен жеміс және жидек, көкөністер, жеміс және жидек шырындары қоспасынан даярланған езбелер; жарма және сүт қосылға жемістен даярланған езбелер; кілегей қосылған жемістерден жасалған  езбелер- Неженка; жеміс-жидек кремдері;  жеміс жидек десерттері; табиғи жеміс шырындары; қантпен табиғи жеміс шырындары; табиғи  купаждалған жеміс шырындары; қантпен купаждалған жеміс және жидек шырындары; жұмсағымен табиғи жеміс шырындары; жұмсағымен және қантпен жеміс шырындары; қантпен және жұмсағымен купаждалған жеміс және жидек шырындары; жеміс компоттары; витаминдер қосылған консервілер жатады.

 

 

 

 

-жеміс            -жеміс+көкөніс                  -көкөніс+дақылдар+ет

-жидек           -көкөніс+жеміс                  -көкөніс+ақылдар+алық

-көкөніс         -жеміс+жидек                    -жеміс езбесі+сүт

-жеміс езбесі+дақыл         -жеміс езбесі+сүт+қант

-жеміс езбесі+сүт+қант

 

полимер

 

3-сурет. Жеміс-жидек және көкөніс негізінде дайындалған БТӨ жіктелуі және ассортименті

 

Балалар тамақтануына  арналған  шырындарды таңдаулы шикізаттардан —  табиғи жеміс және жидектерден алхоры, шие, қызыл шие, алма, өрік, шабдалыдан  және тағы басқалардан дайындайды. Шикізат түрі  консерві түрін  анықтайды. Балалар тамақтануына арналған шырындар мөлдірлетілген және де жұмсағымен өндіріледі, бұл асқазан-ішек жолы жұмысын реттейтін тағамдық талшықтардың балалар организміне түсуін негіздейді.Осы себептен жұмсағымен  шырындарды ішектің тұрақты  шырышты  қабаты қалыптасқан  үлкенірек балалардың тамақтану рационына  енгізеді. Осыған орай тамақтану Институтымен шырындарды емшектегі балалар рационына енгізу ұсынылған, бірақ 4 айдан ерте болау керек.

Балалар   тамақтануында  шырындардың мәні зор. Ең алдымен шырындар витаминлер мен  басқа   биоллогиялық активті заттардың көзі. Сонымен қатар инфекциялық  ауралар мен токсинді жағдайларды емдеу  кезінде шырындар жақсы нәтижелер берді. Шырындар тәбет  ашады,шөлді қандырады,су және қышқыл-сілті балланысын  қалпына  келуіне ықпал етеді.

Жеміс немесе жеміс-көкөніс езбелері бала рационына ол 2-3 апта шырындар қабылдаған соң енгізіледі. Езбе – жартылай сұйық консистенциялы, құрылым түзгіш (қоюландырғыш) ретінде кішкене мөлшерде крахмал, бидай ұны (күріш, ұнтақ жарма және т.б), пектиндер, гуарлы камедь және т.б қолданылады. Езбе гомогенденген, майда езілген және ірі езілген болып өндіріледі; сәйкесінше 4-6, 6-9 және 9 айдан жоғары балаларға ұсынылады.

Ең алдымен бала рационына бір құрамды езбе, яғни бір түрлі жемістен (алма, алмұрт, шабдалы, алхоры) езбені, ал содан кейін көп құрамды езбелерді енгізеді.Езбелердің жаңа түрін біртіндеп  3-5г бастап, 10-12 айда 80-100г дейін мөлшерді ұлғайтып енгізеді.

Соңғы кездері жеміс-дақыл негіздегі (дақылдар қосылған жемістерден жасалған) және жеміс-сүтті (сүт өнімдері, йогурт, кілегей, сүзбе қосылған жемістерден жасалған) құрама езбелер өндіріледі. Негізгі жеміс шикізаты ретінде алма, банан, шабдалы, өрік, тропикалық жемістер, ал дақыл құрамдасы ретінде – күріш немесе сұлы ұны немесе үлпегі, крахмал қолданылады. Бұл өнімдерді С витаминімен байытады, себебі ол технологиялық өңдеу кезінде жойылады.

Құрама езбелердің тағамдық және энергетикалық құндылығы жоғары, себебі дақыл құрамдасының болуы көмірсу мөлшерінің ұлғаюына ықпал етеді. Бірақ дақыл құрамдасы балалардың асқорыту жүйесіне жүк түсіруі мүмкін, сондықтан оларды 6-7 айдан бастап беруді ұсынады. Бұндай езбелерді «Нестле», «Гербер», Фруктал», «ХиПП» және т.б фимраларды өндіреді.

Құрама езбелердің түрі жеміс-сүт негізінде жасалған өнімдер болып табылады. Негізгі шикізат ретінде алма, шабдалы, өрік,алхоры және т.б, ал сүт негізі ретінде-йогурт, кілегей, сүзбе қолданылады. Сәйкес консистенция беру үшін крахмал немесе бидай ұны қолданылады. Құрамында белок және май көзі  ретінде сүт өнімдері болғандықтан, тағамдық құндылығы біршама ұлғаяды. Бұндай концервілерді Бона, Нестле, Нутриция, Ваден Берг Фудс, Хайнц өндіреді. Оларды 6-7 айлық балаларға беруді ұсынады.

Балалар тамақтану рационына жеміс езбелерінен кейін көкөніс езбелерін  5-6 айдан бастап енгізеді. Алдыңғы қосымша тамақтандыру ретінде бір құрамды сәбіз, картоп, кәді және т.б езбелері беріледі. Содан кейін біртіндеп көпқұрамды езбелерді, мысалы, сәбіз және асқабақ езбелері және т.б енгізеді.

6-7 айдан бастап, тамақтану рационына тығыз консистенциялы томат, үрмебұршақ, жасыл бұршақ және т.б езбелерді бере бастайды.

Яғни, бала жасын ескере отырып тамақтану рационына тағамдық құндылығы жоғары әртүрлі өнңмдерді енгізеді, бұл бала организмінің тағамдық заттармен өсуі мен дамуына қажеттілермен бала организмін қамтамасыз етеді, сонымен қатар оны біртіндеп кәдімгі (қатты) тағамға өтуіне ықпал етеді. Жеміс-көкөніс негізіндегі өнімдерді әдетте қосымша тағам ретінде баланың 4 айынан бастап береді. Көптеген шетел фирмалары өз өнімдерін бала жасына байланысты кезеңдерге бөледі: 1-ші кезең – 3 айдан 6 айға дейінгі балалар; 2-ші кезең – 6 айдан 9 айға дейін;  3-ші кезең – 9 айдан бастап.

Суфле «Бабушкино лукошко» бірегей саудалық белгімен келесі ассортиментте өндіріледі: кәді мен алмадан; сәбіз бен алмадан; асқабақ пен алмадан; алмадан, сәбіз бен қара қарақаттан; алмадан, сібңзден және черноплодной рябины; алма, қызылша және черноплодной рябины; алма, асқабақ және облепихадан. Оларда кәдімгі балалар консервілерге қарағанда белок, майлар, көмірсулар, темір, минералды тұздар мөлшері 1,5-2 есе көп, ал С витамині 2-3 есе көп. Бұл суфле түрлері балаларға 5-6 айдан бастап беру ұсынылады.

Сонымен қатар ВНИИКОП аз мөлшерде қант (2-6%) қосып,  тропикалық жемістер жартылай фабрикаттары (банан, гуава, манго, папайя) негізінде нектарлар мен езбе өндірісі технологиясы мен рецептурасын құрастырды. Бананнан даярланған консервілер балалар тамақтануында 4 айдан бастап, гуава, манго және папайя консервілері 9 айдан бастап беруге арналған.

 

Читайте так же про:  Балалар тамақтануы өнімдерінің ассортименттері мен жіктелуі