Физиология-2 пәнінең
ЖМ 3 курс студенттерінің интеграциялық емтиханның II кезені
Кезен: Цоликлондарды қолданып тікелей агглютинация реакциясымен қан топтарын және Rh- факторды анықтау
Емтихан алушыларға ақпарат : төменде берілген өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес студент резус- факторды және қан топтарын дұрыс бағалай білу. Студент өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруі керек..
Қадам | Қадамдарды бағалау өлшемдері | Балмен бағалау | ||||||||||||||||||||||||||
Өте жақсы* | Қолайлы** | Түзету талап етеді*** | Қолайсыз**** | |||||||||||||||||||||||||
1. | Агглютиноген және агглютинин, изогемоагглютенация реакциясы туралы түсінік; a,b–агглютининдер яғни желімдеуші заттар плазмада болады. (A, B, Rh) агглютиногендер, яғни желімденетін заттар, эритроциттердің құрамында болады. Агглютинация реакциясы, яғни эритроцитердің түйір-түйір болып желімденуі, осы аттас агглютининдер мен агглютиногендер бір-бірімен кездескен жағдайда ғана пайда болады. Мысалы: a және А немесе b және В. | 10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
2. | Жұмысқа қажетті құралдарды дайындау : медициналық қолғап, Анти-АВ, Анти -А, Анти-В, Анти- Д супер цоликлондары. 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, планшет, пипетка, шыны таяқшалар. | 10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
3 | Медициналық қолғапты киіп,арнайы ұйяшықтарға Анти-А, Анти-В, Анти-АВ, Анти- Д супер реагенттерден (0,1 мл шамада) бір үлкен тамшыдан тамызды. | 10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
4 | Әрбір реагентің жанына (0,03 мл шамада) бір кішкентай тамшыдан қан тамызды.
|
10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
5 | Ұяшықтардағы әрбір сәйкесінше реагенттерден тұратын тамшыны жеке-жеке және таза шыны таяқшалармен немесе шыны пластинканың ұштарымен араластыру.
|
10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
6 | Қажетті мөлшерден тыс ұйяшыққа қан кұйылса, физиологиялық ертіндіні қосу. | 10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
7 | Планшетті жәймендеп шайқады. | 10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
8 | Реакция нәтижесін, талғап-талдап түсіндіру
Моноклональды антиденелермен эритроциттердің агглютинациясының (желімдену) реакция нәтижелері
|
10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
9 | Rh- фактордың реакция нәтижесі:
Айқын агглютинация реакциясы туса,бұл алынған қанның резус бар екенін көрсетеді,ал агглютинация реакциясы болмаса қан теріс резуссіз екені дәлелдейді.
|
10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
10 | Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөз сөйлеу мәдениеттің көрсетті. | 10 | 7,5 | 5,0 | ||||||||||||||||||||||||
Барлығы | 100 | 75 | 50 |
Кезен бойынша максималды балл — 100. Тапсырманы орындау уақыты — 5 мин
Ескерту:
* қан топтарын және резус- факторды анықтау әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; қажетті құралдармен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;
** қан топтарын және резус- факторды аныктау әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; қажетті құралдармен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;
*** қан топтарын және резус- факторды аныктау әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды ; алынған нәтижені толық бағалай алмайды; қан мен және цоликлондармен жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;
**** қан топтарын және резус- факторды аныктау әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;
Қалыпты физиология модульнің мәжілісінде бекітілді 31 қазан 2014 ж. №4 хаттама