Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Пән:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)

Мамандық:  051301 «Жалпы медицина»

Курс 4

Нұсқа 2

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. ӨСОА, патогенезі және жіктемесі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Геморрагиялық синдром бойынша ажыратпалы диагноз.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Миокард инфарктысының диагностикалық критерилері.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Созылмалы диссиминерленген туберкулез. патогенезі диагностикасы..

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)

  1. Цитомеглавирусты инфекция, қоздырғыш сипаты, ағымы, диагностика негізі, емі, профилактикасы

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)

Клиникалық тапсырма           

38 жасар әйел. Шағымдары: айқын жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, қол саусақ бастарының және аяқ балтырының жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін  жансыздануы мен күйдіруіне, ауырсынуна, есте сақтау және көруінің бұзылысына.

Анамнезінен:  соңғы жылдарда 20 кг дейін дейін салмақ қосу байқалған. Скрининг жүргізу кезінде гликемия деңгейі 6,5 ммоль/л. Мекен жайы бойынша амбулаторлы этапта толық тексерілген, гликемиялық профиль алынған (аш қарында қан плазмасында гликемия деңгейі – 6,9 ммоль/л, постпронциалды гликемия – 10,2 ммоль/л,),  гликозилирленген Hb – 8 %, аш қарындағы инсулин  – 50 мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л), С-пептид деңгейі — 3 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл), ЖЗА – салыст.тығыздығы – 1015, қант-теріс, ақуыз – теріс, жалпақ эп. -2-3  к/а. Соңғы жылдары жалпы әлсіздік, жұмыс қабілетенің төмендеуі, көз көруінің нашарлауы, ұмытшақтық, ал 6 айдан бастап полинейропатия көріністері байқалған.

Өмір  анамнезі: тұқым қуалаушылық — анасында 60 жасында ҚД анықталған, соңғы жылы инсулина терапия қолданады.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауыр. Конституциясы гиперстениялық типті, ДСИ = 35 кг/м2 , тері жамылғысы бозарған, ұстағанда жылы, cravidarum стриялар анықталды, бозарған. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТАЖ минутына 18. Жүрек шекарасы өзгермеген. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы: оң жағы – 1 см төстен оң жақта, жоғарғысы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шеті, сол жағы – 5 қ/а-та сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 1,5см сыртта. Аускультация кезінде жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 82 дейін. АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ ауырсынусыз, перкуторлы өзгермеген. Дәреті ретті, пішінді. Зәр шығару еркін ауырсынусыз.

Читайте так же про:  Ішкі аурулар Терапия, Фтизиатрия, Жұқпалы аурулар 2

Тексеру кезінде:  Жалпы қан анализі — Hb 122 г/л, эритроциттер – 4,1 х 1012/л, ТК – 0,9, лейкоциттер – 4,5 х 109/л; тромбоциттер – 200 х 109/л; ЭТЖ 12 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: көлемі -100,0, ақшыл-сары, мөлдір, ақуыз –теріс, лейкоциттер – 0-1 к/а., эритроциттер – 0-1 к/а.;  Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 13 мкмоль/л, тікелей – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 БІР (қалыпты 0-40 БІР), АСТ 40,3 БІР (қалыпты 0-37 БІР), холестерин 7,3 ммоль/л (қалыпты 3,1-5,2 ммоль/л),  креатинин – 68 ммоль/л, жалпы ақуыз — 68 г/л. ЭКГ: вольтажы орташа, горизонтальді ЭОС, сол жақ қарыншаның гипертрофия белгісі.

Тапсырма

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

Нұсқа 9

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы пиелонефрит. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Сарғаю синдромы бойынша ажыратпалы диагноз.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Дерматомиозиттің диагностикалық критерилері.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Жеделдеу диссеминацияланған өкпе туберкулезі патогенезі, диагностикасы.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Герпестік инфекция. ВПГ 1, ВПГ 2 қоздырғыштарды сипаттау. Нұсқалардың ағымы. Анықтау және емдеу принциптері, алдын алуы.

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)

Клиникалық тапсырма

28 жастағы әйел адам. Шағымдары: іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, кеуде клеткасының ауырсынуына және жалпы әлсіздікке.

Анамнезінен:  3- күн бойы сырқат. Суықтаудан кейін жалпы әлсіздік, қалтырау, кейін жөтел, ентігу және демалғанда кеуде қуысының ауырсынуы қосылған. Өз бетінше дене қызуын төмендететін дәрілер қабылдаған, нәтижесі болмаған.

Читайте так же про:  Заболеваемость населения как медико-социальная проблема. Эпидемиологические методы изучения заболеваемости.

Қарағанда: Дене қызуы 39,0 С.  Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпені перкуссиялағанда — сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде өкпелік дыбыс тұйықталған. Аускультацияда сол өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 23. Жүрек маңы өзгермеген. Жүректің тұйығының салыстырмалы шекарасы: оң жағы – төстен оң жақта ІІ қ/а-та, жоғарғы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шеті, сол жағы –5 қ/а-та сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 1,5см ішке. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – минутына 92, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды. Ішін пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының астында. Көкбауыры пальпацияланбайды. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.

Тексерегенде: Жалпы қан анализі Hb 120 г/л, эритроциттер 4,5*1012/л, лейкоциттер 13,0*109/л, эозинофилдер 0%, таяқшаядролы 12%, сегментядролы 72%, лимфоциттер 9%, моноциттер 7%.; ЭТЖ-35 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 15,4 мкмоль/л, тікелей билирубин 3,8 мкмоль/л, креатинин 100 мкмоль/л (қалыпты 62-115 мкмоль/л), мочевина 10 ммоль/л (қалыпты 2,5-8,3 ммоль/л).

Кеуде қуысының рентгенограммасы:

Тапсырма

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

Нұсқа 10

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  10% (терапия)
  1. Созылмалы панкреатит. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Диастолалық шу бойынша ажыратпалы диагноз.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Бронхылық демікпенің диагностикалық критерилері.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Химиотерапия қағидалары. Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктемесі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Жедел дизентерия. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)

Клиникалық тапсырма          

22 жастағы ер адам.  Шағымдары айқын жалпы әлсіздікке, жұтыңу кезіндегі тамағының, сүйектерінің, іштің сол жақ бөлігіндегі қатты ауырсынуына, мұрынынан қан кетуіне, қалтыраумен жүретін дене температурасының 38,2˚С дейін көтерілуіне, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуына.

Читайте так же про:  Вагітність та пологи

Анамнезінен:  2 апта бұрын жедел ауырған. Дене температурасы 39-40˚С дейін көтерілген, жұтыну кезінде, буындарында, ішінде ауырсынулар пайда болған, жалпы әлсіздік, мұрынан қан кету күшейген. Дәрігерге қаралған. Антибактериалды терапия тағайындалған, ем нәтижесіз болған.

Қарағанда: науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозарған, көптеген петехиалды бөртпелер. Қызыл иегінің гиперплазиясы. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған: жақасты 1,5 см дейін, қолтықасты, шаптағы 2 см дейін, консистенциясы эластикалық, ауырсынусыз, қоршаған тіндермен байланыспаған. Тамақ бездері ұлғайған, борпылдақ, шамалы қызарған. Төс сүйегін перкуссиялау кезінде ауырсыну. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТАЖ минутына 21. Жүрек шекарасы сол жаққа ортаңғы — бұғана сызығына дейін ұлғайған. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, тахикардия минутына 96 дейін. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Көк бауыры қабырға доғасының астынан 5 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, пальпация кезінде ауырсынады. Бауыры қабырға доғасының астынан 3 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, ауырсынады.

Тексеру кезінде:  Жалпы қан анализі — Hb 44 г/л, эритроциттер – 1,7 х 1012/л, ТК – 0,8, ЭТЖ 34 мм/сағ, лейкоциттер — 78 х 109/л; лейкоцитарлы формула: бласты жасушалар – 59%, сегментоядеролы нейтрофилдер – 31%,  лимфоциттер –10%. Тромбоциттер – 14 х 109/л; Миелограмма: қан түзілу қалыпты бластты түрде, бласты жасушалар 90%, эритроидты және мегакариоцитарлы өсінділер қатты басылған. Бласты жасушалардың цитохимиялық зерттеуі: бейспецификалық эстераза, қышқыл фосфатаза,  миелопероксидаза, гликоген, липидтер реакциясына — теріс.