1. Балалардағы темір жетіспеушілік анемияның алдын алу үшін темір препаратының тәуліктік дозасын көрсетіңіз:

Б. 1,5 мг/кг

  1. Рахиттің І дәрежесінде аквадетримнің емдік тәуліктік дозасы:

Б. 2000 ХБ

  1. 4-5 жастағы баланың гемограммасында лимфоциттердің саны қандай болғанда, жастық нормативке сәйкес келеді:

Б. 45%

  1. Краниотабес, «етікші кеудесі», «тауық кеуде», «гаррисон сызығы» рахиттің қай кезеңіне тән:

А. Жедел ағымы, өршу сатысы

  1. Алдын ала қарауда 3 айлық бала. Салмағы 5400 гр., бойы 61 см. Гемоглобин 120 г/л. Бала 2-ші жүктіліктен, екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Бала табиғи тамақтануда, дамуы қалыс қалмаған. Екі рет ЖРВИ мен ауырған. Баланың резистенттілігін анықтаңыз:

Б. орташа

  1. Табиғи тамақтандырылудағы 3 апталық бала, дене салмағы 3650 (туылғанда 3600 гр.), тамақтанғаннан кейін күн сайын құсады, фонтанды құсық себебін түсіндіріңіз:

Б. пилоростеноз

  1. Пневмоккокты инфекцияға қарсы жоспарлы арнамалы алдын алу үшін баланың жасын атаңыз:

С. 2-4 айында

  1. 1 жастағы балада айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, дене қызуының 38оС-қа көтерілуі байқалады. Перкуссияда оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Аускультацияда: әр жерден сырылдар,  оң жақ жауырын астында – тұрақты  ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Болжам диагнозыңыз:

С. пневмония

  1. Жедел пневмониямен ауырған бала, ауруханадан шыққан соң, емханада қанша уақыт диспансерлік есепте тұрады?

А. 1 жыл

  1. Созылмалы ауруы жоқ, бірақ жиі ауыратын, физикалық және жүйке психикалық дауында бастапқы өзгерістері бар, функционалды ауытқулары бар балалар қандай денсаулық тобына жатады:

Б. 2 д.т.

  1. Науқас С. 13 жаста. Полиартритке байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Кенеттен эпигастрий аймағында ауырсыну, әлсіздік, қайталамалы құсу пайда болды. Қарағанда: бозғылт, РS 120 рет минутына, АҚҚ- 90/70 мм.с.б. Іші пальпацияда жұмсақ, бұлшық ет керілуі жоқ. Сіздің болжам диагноз:

А. Ж.эрозия, гастрит

  1. Бала, 9 жаста. Тамақ қабылдағаннан кейін қыжылдауға, тағаммен бірге кекіруге, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл шағымдар соңғы 2 ай бойы мазалайды. Болжам диагноз:

А. ГЭРА

  1. Жедел пневмониямен ауырған 1 жастан 2 жасқа дейінгі баланы бақылау жиілігі:

Е. 3 айда 1 рет

  1. Қыз бала, 12 жаста.Эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға, қыжылдауға, кейде қышқылға лоқсуға, іш қатуға шағымданады. 1 жыл шамасында науқастанады. Қарағанда бозғылт, мазасыз, қызыл дермографизм, көп тершеңдік. Тілінің  түп жағы сары –ақшыл жабындымен жабылған, тіс іздері көрінеді. Іш жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыры мен талақ ұлғаймаған. Сіздің болжам диагноз:

Б. Созылмалы гастродуоденит

  1. Балалардағы жедел бронхитке тән белгіні көрсетіңіз:

С. Құрғақ жайылмалы сырылдар

  1. ДДҰ тағайындауына сәйкес «ЖРИ ем үлгісі» бойынша балалардағы аксиллярлы дене қызуы көтерілген кезде дене қызуын түсіретін дәрілер қандай есеппен  тағайындалады:

Б. 10-15 мг/кг

  1. Гемофильді инфекцияға қарсы жоспарлы арнамалы алдын алу үшін баланың жасын атаңыз:
Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина» 2

Б. Өмірінің 2,4,18 айы

  1. Вирусты диареяға тән белгі:

А. Тыныс жолдарында катаралды белгілер

  1. Балалардағы жара ауруының диагнозы қойылған соң алғашқы бірінші жылда қарау жиілігі:

С. 3 айда 1 рет

  1. Науқас 10 жаста. Баспамен ауырғаннан 3 куннен кейін дене температурасының 38ºС-қа көтерілуіне, әлсіздікке, бас ауруына, беттің ісінуіне, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Обьективті: терісі бозғылт, беті ісіңкі, АҚҚ-115/70 мм с.б.б. ЖҚА: ЭТЖ-34 мм/сағ, лейкоциттер-13,0х109/л, с/я-84%. ЖЗА: мөлдірлігі-лайлы, меншікті салмағы-1008, белок-0,66г/л, эритроциттер-10к/а, лейкоциттер-25-38 к/а. Уроцитограммада: с/я лейкоциттер-84%, лимфоцитарлы-16%. Сіздің диагноз:

Е. Жедел пиелонефрит

  1. Балаларда жаралы дефект көбіне орналасады:

Д. 12 елі ішек

  1. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 10 жастағы қыз мынадай шағымдармен келді: шаршағыштық, тітіркенгіш, ұйқышылдық, құлағының шулауы, бас айналуы, тәбеті бұрмаланған бор және шикі картоп жиді. Объективті: терісі бозғылт, әсіресе тырнақ айналасы,кілегей жамылғысы, терісі құрғақ, ауыз езуліктерінде жараның пайда болуы бар. Аускультативті жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында функциональды систолалық шу естіледі, тахикардия. Іш қатуға бейім. Клиникалық диагноз қою үшін қандай тексеру әдісі ең ақпаратты болып табылады?

Б. Темір алмасуын тексеру

  1. ҚР екпелердің ұлттық күнтізбесіне сай регламенттелген ККП (қызылша, қызамық, паротитке қарсы) жоспарлы вакцинациясы қай жаста жүргізіледі?

Е. 12 ай

  1. Вирусты гепатит А-ға қарсы жоспарлы арнамалы алдын алу үшін баланың жасын атаңыз:

Б. 2 жас және 2 жас 6 ай

  1. Эксприраторлы ентікпе, ысқырықты жайылмалы сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентген суретінде өкпе суретінің кушейуі қай ауруға тән:

Б. Жедел обструктивті бронхит

  1. Балалардағы темір тапшылық анемиясының дамуындағы қауіптілік факторын көрсетіңіз:

Е. Көп ұрықты жүктілік

  1. 1 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған ойыс анықталады, лимфа түйін ауырсынусыз, пальпация кезінде флюктация анықталады, басқа лимфа түйіндері ұлғаймаған. Күнтізбемен екпелер жасалған. Вакцинацияның қандай асқынуы?

С. Регионарлы лимфоденит

  1. Вирусты гепатит В-ға қарсы жоспарлы арнамалы алдын алу үшін баланың жасын атаңыз:

А. Алғашқы 24 сағаат, 2-4 ай

  1. 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда ауыр пневмония кезінде қандай белгі ауруханаға жатқызуды қажет ететін белгі болып табылады:

А. Кеуде клеткасының ішке тартылуы

  1. Өмірінің 2-ші жылында баланың жүйке іс-әрекетінің дамуын бақылау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

Б. Тоқсан сайын

  1. Бала 5-ші жүктіліктен, II босанудан. Алдыңғы жүктіліктері медициналық түсіктермен аяқталған. Осы жүктілігі ІI жартысының гестозымен жүрген, босану кезінде кіндік бауы мойынға 2 рет оралған. Салмағы 3000 гр., бойы 52см. Қауіптіліктің бағытын анықтаңыз:

А. ОЖЖ даму сатысы

  1. 2,5-жасар бала, мәліметтер: ФД – гипосомия, I дәрежелі салмақ жетіспеушілік; ЖПД – III топ, I дәрежелі;  гемоглобин деңгейі – 85 г/л;  анамнезінде ремиссия сатысындағы нейродермит . Қай денсаулық тобына жатқызасыз?
Читайте так же про:  Физическое развитие детей и подростков как показатель здоровья

С. 3 А

  1. Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-) . Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл . 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы  90 мкмоль/л , трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай?

Д. Физиологиялық сарғаю

  1. ЭКД-і бар балаларды белсенді иммунизациялау тактикасы:

Б. Вакцина алдында баланы дайындау

  1. Д витаминін рахиттің алдын алу мақсатында тағайындау үшін қарсылық болуы мүмкін:

Б. микроцефалия

  1. Бейарнамалы аллергияның жиі клиникалық көріністері байқалатын балаларға десенсибилизациялаушы препараттарды қабылдағаннан кейін қай мерзімде Манту сынамасы қойылады:

Д. 7-14 күн

  1. Манту сынамасының нәтижесі оң болып саналады, егер папула диаметрі:

Д. 5-16 мм

  1. Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау кезінде, денсаулықты негіздеуші критерииді таңдаңыз:

А. Онтогенездегі ауытқу туралы мәліметтер

  1. Баланың өмірінің  үшінші жылында жүйе іс-әрекетінің бақылауы мына мерзімде жүргізіледі:

С. 6 айда 1 рет

  1. Жасөспірім бала тамақ қабылдағаннан кейін l-l,5 сағаттан кейін пайда болатын қышқыл кекіруге, іш қатуға шағымданады. Эпигастрий аймағындағы диском-форт тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Объективті: іші жұмсақ. Қан анализі: эритроцит – 4,5* l0¹²г/л, гемоглобин — l45г/л, лейкоцит-5,2*l0л, т/я- l0%, с/я- 62%, лимфоцит-23%, моноцит- 5%, ЭТЖ-8мм/сағ. Қай препаратты қолданған тиімді?

Е. амепрозол

  1. ПКВ вакцинасымен иммунизация қай жаста жүргізіледі?

А. 2,4,12 айлығында

  1. БЦЖ ревакцинациясын жүргізуге балаларды іріктеу үшін жасалатын Манту сынамасы мен АДС пен ККП ревакцинациясы арасындағы интервал қанша ай болуы тиіс?

Б. 2

  1. Жұтқыншақтың абцессінде және стрептококкты фарингитте сіз бересіз?

С. Бициллин 1

  1. Ерте жастағы балалардағы тыныс демікпесінің ұстама кезеңінде бронхообструкцияның қандай компоненті басым?

Б. Бронхтың кілегей қабатының ісінуі

  1. Ересек жастағы балалардағы тыныс демікпесінің ұстама кезеңінде бронхообструкцияның қандай компоненті басым?

Б.

  1. ҚР иммунизацияның ұлттық күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинасымен реквакцинация жүргізу үшін баланың жасын көрсетіңіз?

Д. 6-7 жаста

  1. Егер де балада қызба және шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі болса,  онда қалай жіктейсіз:

Д. Өте ауыр ауру

  1. Тері қышынуымен, конъюгирленген билирубиннің, сілтілі фосфатазаның, холестериннің ұлғаюымен жүретін синдромды көрсетіңіз:

Б. Бауыр ішілік холестаз

  1. Балалардағы темір жетіспеушілік анемияны емдеу принципі:

Б. Темір тапшылығы темір препараттарынсыз мүмкін емес

  1. Баланың өмірінің  екінші жылында жүйе іс-әрекетінің бақылауы мына мерзімде жүргізіледі:

Б. 3 айда 1 рет

  1. Ерте жастағы балалардың денсаулық топтарын анықтау үшін келесі белгілеулер қолданылады:

А. І ІІ ІІІ

  1. Перзентханада бала (жасы 0-4 күн) аталған алдын ала егулердің қайсысын және қандай реттілікпен алады?

А. Вирусты гепатит, БЦЖ

  1. Манту сынамасының нәтижесі күмәнді болып саналады, егер папула диаметрі?

С. 4 мм-ден аспаса

  1. Баланың өмірінің  бірінші жылында жүйе іс-әрекетінің бақылауы мына мерзімде жүргізіледі:
Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина»

А. Айына 1 рет

  1. Ерте жастағы балаларды күлге қарсы алдын ала егу үшін төмендегі препараттардың қайсысы бірінші ретте қолданылады?

Е. АБКДС

  1. Егер де балада құлағы мазаласа және құлақ арты іссе, онда Сіз жіктейсіз?

Е. мастоидит

  1. Сіз БАБЖ бағдарламасы бойынша пневмония деп бағалайсыз, егер балада мына белгі болса?

Д. Тыныс жиілеуі

  1. Сіз БАБЖ бағдарламасы бойынша пнемония деп жіктейсіз, егер болса?

Д. Баладағы құрысулар

  1. Жалпы қауіптілік белгісіне қай белгі жатады?

Д. Нәрестелердің күнделікті күтімі

  1. ҚР иммунизацияның ұлттық күнтізбесіне сәйкес гемофильді инфекцияның арнамалы алдын алуы қай жасында басталады?

Б. 2 айлығында

  1. Анасына анемиясы бар баланы медицина қызметкеріне қайта қарауға қай кезде келуге кеңес бересіз?

Е. 14 күн кейін

  1. Емханада лимфатико-гипопластикалық диатезі бар баланы дифференцирленген бақылауда қай маманның кеңесі қажет?

Б. эндокринолог

  1. ҚР иммунизацияның ұлттық күнтізбесіне сәйкес полиомиелитке қарсы арнамалы алдын алуы қай жасында басталады?

Б. 2 айлығында

  1. Нәрестеге біріншілік дәрігерлік патронаж қай уақытта жасалады?

Б. Перзентханадан шыққан соң алғашқы 3 күнде

  1. Егер баланың тамағы ауырып, су іше алмаса, онда БЖАИЖ бойынша қалай жіктейсіз:

Б. Жұтқыншақ абсцессі

  1. Қыз бала, 5 жаста. Қобалжығаннан кейін, кейде тамақ қабылдағаннан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы қолайсыздыққы шағымданады. Логоневрозға байланысты невропатологқа қаралады. ЭФГДС-те: дуодено-гастральді рефлюкс анықталды.Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. Асқазанның моторлық типі бойынша бұзылысы

  1. Қыз бала, l4 жаста. ГЭРА бойынша қаралады. ФЭГДС-те: өңештің төменгі бөлігінде гиперемия, эрозия анықталған. Қай топтың препаратын ең бірінші тағайындау қажет:

Б. Протон помпасының ингибиторлары

  1. 12 жастағы балада анемия, көрсеткіштері: гемоглобин 85 г/л, ТК 0,69, сарысудағы темір 5,2 ммоль/л, емдеу жоспарын анықтаңыз?

Б. Темір препараттарын пероральді емі

  1. 10 айлық балада жоғары температура, интоксикация, тісі шығуда. Қанда — лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Зәрде – лейкоцитурия, бактериурия. «Острый пиелонефрит» диагнозы қойылған. Амбулаторлық кезеңде қандай препарат берген жөн?

Б. амоксиклав

  1. Пневмонияның жергілікті формасында үйде емдеуде антибактериальды препараттардың қайсысын тағайындаған жөн?

А. амоксициклин