Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Пән:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)

Мамандық:  051301 «Жалпы медицина»

Курс 4

Нұсқа 11

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Бронхылық демікпе. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Нефротикалық синдром бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін 100% (терапия)
  1. Атриовентикулярлы блокада, жыбырлы аритмия, экстрасистолияның диагностикалық критерилері

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. 2 категория бойынша туберкулез науқастарын емдеу

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Вирусты гепатит А. Нұсқалардың ағымы. Сарғаю алды кезеңінің синдромдары. Сарғаю кезеңіндегі ағымының ерекшелігі. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

65 жастағы ер адам. Шағымдары: жалпы әлсіздікке, тамақтан кейін эпигастриядағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, физикалық күштеме кезіндегі ентігуге, аяқтарындағы әлсіздік сезіміне, жансыздануға, жыбырлау сезіміне.

Анамнезінен: 5 жыл бұрын – гастрэктомия.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Тері жамылғысы сарығыш түсті бозарған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған.  Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 22. Жүрек маңы өзгермеген. Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы: оң жағы – төстен оң жақта, жоғарғы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шеті, сол жағы –сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 0,5см сыртта, 5 қ/а-та. Жүрек тондары әлсіреген, синусты тахикардия. ЖЖЖ минутына 100. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну. Курлов бойынша бауыр өлшемі: 12х10х9 см, көкбауыр: 13х10 см. Дәреті реттелген, іш қатуға бейім. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — гемоглобин – 32 г/л, эритроциттер – 0,9 х 1012/л, ТК – 1,06, лейкоциттер – 2,8 х 109/л, эозинофилдер 3%, базофилдер 1%,  таяқшаоядролы 4%, сегментоядролы 70%, лимфоциттер 16%, моноциттер 6%,тромбоциттер 90 х 109/л, ретикулоциттер – 2‰, ЭТЖ – 35 мм/сағ. Кебот сақиналары мен Жолли денешіктері, эритроциттердің макроцитозы. Полисегментоядролы нейтрофилдер анықталады. Жалпы зәр анализі: көлемі 100,0 мл, салыс.тығыз. 1020, ақуыз- жоқ, глюкоза – жоқ, лейкоциттер 1-2 к/а, жалпақ эпит 0-1к/а. Қанның биохимиялық анализі: жалпы ақуыз 74 г/л, мочевина 3,9 ммоль/л, креатинин 60 ммоль/л, глюкоза 4,0 ммоль/л, АЛТ 17,3 БІР (қалыпты 0-40 БІР), АСТ 23,0 БІР (қалыпты 0-37 БІР), билирубин жалпы 34 мкмоль/л (қалыпты 22,2 мкмоль/л дейін), билирубин тікелей 6 мкмоль/л (қалыпты 5,1 мкмоль/л дейін), холестерин 4,5 ммоль/л. Миелограмма: мегалобласттар көп мөлшерде, полисегментарлыядролық нейтрофилдер.

Читайте так же про:  Определение группы крови в системе

 

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  1. Емдеу жоспарын құрыңыз.

 

 

Нұсқа № 14

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Темір тапшылықты анемия. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Нефротикалық синдром бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы өкпелік жүректің диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Резервті қатардағы дәрілермен емдеу салыстырмалы және абсолютті кері көрсеткіштері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Вирусты гепатит С. Қоздырғыштың қасиеті. Нұсқалардың ағымы. Анықтау және емдеу принциптері, алдын алуы.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

33 жасар әйел. Шағымдары: фалангаралық, алақан, білезік, тізе және тобық буындарындағы және аяқғының ұсақ буындарының ауырсынуына, осы буындарда қозғалыстың шектелуіне, түске дейін созылатын құрысу сезіміне.

Анамнезінен: буындық синдром 3 жыл бұрын екі қол басының фалангаралық, алақан-фалангалық буындарының зақымдалуынан басталған. 1 жылдан кейін патологиялық үрдіске білезік, табан және табан-фалангалық буындар қосылған. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдаған. Соңғы 2 жылда тізе, тобық және иық буындары қосылған. Жағдайының нашарлауы 1,5 ай бойы, респираторлы вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін дене температурасы 37,5 С дейін көтерілген, буындардағы таңертеңгілік құрысу, олардың ісінуі, артралгия, қозғалыстар шектелген. Өз бетінше диклофенак қабылдаған, ем нәтижесіз.

Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина» 3

Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, таза. ІІ, ІІІ, ІV проксималды фалангаралық, алақан буындарында периартикулярлы ісік. Қол және саусақ ұстауы толық емес. Білезік, тізе және тобық буындарының периартикулярлы ісінуі. Осы буындарда ауырсынуға байланысты белсенді қозғалыстар шектелген. Ішкі ағзалары өзгеріссіз.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі Нв-96г/л, эритроциттер- 3,4 х1012/л, ТК-0,84, лейкоциттер-9,7 х109/л, ЭТЖ — 50 мм/сағ, таяқшаядролы 5%, сегментядролы 64%, лимфоциттер 20%, моноциттер 10%, эозинофилдер 1%. Қанның биохимиялық анализі: Сиал қышқылы 260 БІР. СРБ++. Ваалер-Роуз реакциясы оң 1:32. Қолдың рентгенограммасында: буын маңындағы остеопороз және сүйек эрозиясы

 

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

Нұсқа   19

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Гастроэзофагеальды рефлюксты ауру. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Ангинозды синдром бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Подаграның диагностикалық критерилері

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (фтизатрия)
  1. Милиарлы туберкулез патогенезі, диагностикасы.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (жұқпалы аурулар)
  1. АИВ-инфекциясы. Қоздырғыштың сипаттамасы. АИВ инфекциясының клиникалық сатылары. Диагностикасы және емдеу қағидалары.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма 

 

48 жастағы әйел адам, оң жақ бел аймағындағы ауырсынуға, 10-12 ретке дейін жиі кіші дәретке баруына, түнгі уақыттағы жиі зәршығаруға, таңертеңгілік қабақтарының ісінуіне шағымданады.

Анамнезінен:  өзін 7 жылдан бері науқаспын деп санайды, сол кезде алғаш рет суықтаудан кейін бел аймағында «салқындау» сезімі, жиі зәршығару түріндегі дизуриялық көріністер пайда болған. Кейіннен сондай белгілер күз-көктем мезгілдерінде, аяқтарынан суық өткенде мазалап отырған. Соңғы уақытта таңертеңгілік қабақтарының ісінуі қосылған. Жағдайы нашарлаған кезде фитотерапия (бүйрек шайы) қабылдап отырған.

Читайте так же про:  Некробактериоз причины, симптомы, диагностика, лечение заболевания

Қарағанда: Тері қабаттары бозарған, қабақтары ісіңкі. Шеткері ісінулер жоқ. Буындардағы қозғалыс толық көлемді. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ- минутына 18. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 80 рет/мин. Іші жұмсақ, оңжақ фланкада сезімтал. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Бүйректі пальпациялауда аздап ауырсынады. Соққылау симптомы оң жақтан — оң. Зәршығаруы еркін, жиілеген. Никтурия.

ТексергендеЖалпы қан анализі гемоглобин – 143 г/л, эр.-4,5·1012/л, ТК — 0,9, ЭТЖ – 20 мм/сағ, лейкоциттер 4,0·109/л, таяқшаядролы-2% , сегментядролы-57%, эозинофилдер-2%, моноциттер-3%, лимфоциттер-36%. Жалпы зәр анализі – көлемі 60,0 мл, сары, реакциясы –қышқыл, салыст.тығ. 1010, ақуыз – жоқ, жалпақ.эпителий 3-4 к/а, лейкоциттер 10-12 к/а, бактериялар ++.  Қанның биохимиялық анализі қандағы креатинин 0,137 ммоль/л, эндогенді креатинин бойынша клиренс 77,1 мл/мин. Зәрді бак.себіндісіндеE.coli (КОЕ=105) анықталды. Бүйрек УДЗ: оң бүйрек 101х46мм, контуры тегіс, түбекше-тостағанша жүйесінің тығыздалуы мен деформациясы, сол жақ бүйрегі 98х42 мм, контуры тегіс, түбекше-тостағанша жүйесі өзгеріссіз. Конкременттер анықталған жоқ.

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.