Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Пән:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Курс 4

Нұсқа № 7

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Геморрагиялық диатездер. Даму себептері. Жіктелуі. Қан ағу түрлері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Систолалық шу бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Гипертиреоздың диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. 3 категория бойынша туберкулез науқастарын емдеу.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Вирусты гепатит В. Нұсқалардың ағымы. Сарғаю алды кезеңінің синдромдары. Сарғаю кезеңіндегі ағымының ерешелігі. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін — 100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма                        

 

Әйел адам, 30 жаста. Шағымдары тұншығу ұстамасына күндіз 1 рет, түнде 1 ретке дейін, таңғы уақытта, шырышты сипаттағы тұтқыр қиын бөлінетін қақырықты жөтелге және физикалық күш түскен кездегі ентігуге.

Анамнезінен: жастайынан жиі суық тию аурулары байқалған. Өсімдіктердің гүлденуі кезіндегі риносинусит белгілері пайда болған. 3 жыл бойы эуфиллинді қолданғаннан кейін басылатын ұстама тәрізді жөтелдің пайда болуы байқалған.  Темекі түтінінен, дезодорант қолданғаннан кейін, үй жинаған кезде тыныс алуының жайсыздығын сезінеді. Соңғы 2 айда суықтанудан кейін шырышты сипаттағы шамалы қақырықты жөтелмен қатарласқан, тұңшығу ұстамалары пайда болған. Өздігінен антибиотиктер қолданған, нәтижесіз. Медициналық көмекке жүгінген.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Экспираторлы ентігу.  ТАЖ минутына 26. Өкпе перкуссиясы кезінде ашық өкпелік дыбысы. Аускультация кезінде тынысы везикулярлы, барлық өкпе алаңында шашыраңды ысқырықты құрғақ сырылдар. Жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ, тамыр соғу минутына 96. Екі қолында АҚ  115/70 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының астында.

Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина» 2

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі —  Нв 136 г/л, эритроциттер – 4,2*10 12/л, ТК 1,0, лейкоциттер 7,0*10 9/л, эозинофилдер 6%, таяқшаядролы 4%, сегментоядролы 60%, лимфоциттер 23%, моноциттер 7%, ЭТЖ 16 мм/сағ. Протеинограмма: жалпы ақуыз 65 г/л, альбуминдер 45,8%, глобулиндер 54,2%, α1 – 4%,  α2 – 12%,  β – 14,2%,  γ – 24%, СРБ ++. Қақырық анализі – шырышты, бірлі — жарым  альвеолярлы макрофагтар, цилиндрлі жыбырлы эпителий жасушалары, лейкоциттер – 25-30 к/а. (эозинофилдер -80% нейтрофилдер -20%), Куршман шиыршығы. Иммуннограмма: Ig A 0,46 г/л (қалыпты 0,9 — 4,5 г/л), Ig М 1,2 г/л (қалыпты 0,6 — 2,5 г/л), Ig G 8,4 г/л (қалыпты 5,65- 17,65 г/л), Ig E 620 кМЕ/л (қалыпты 0 — 380 кМЕ/л).  ЭКГ: қалыпты. Спирография: Тифно индексі 62%, ОФВ1— қалыптыдан 64%. Пикфлоуметрия: дем шығарудың жылдамдық шыңы 66%, тәуліктік ауытқуы 22%.

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

 

Нұсқа №5

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Асқазан және он екі елі ішектің ойықжара ауруы. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Инсипидарлы синдром бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы миелолейкоздың диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Туберкулезді емдеу этаптары мне категориялары.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Сальмонеллез. Нұсқалардың ағымы. Генерализденген түрлерінің мінездемесі. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.
Читайте так же про:  Виды хирургических операций

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

Науқас С., 64 жаста. Шағымдары: физикалық күштеме кезінде пайда болатын, иррадациясыз, ұзақтығы 3-5 мин, нитраттармен басылатын, қысып ауыратын жүрек маңындағы ауырсынуға, 3 -ші қабатқа көтерілгенде, 500 метр жүргенде болатын демікпеге, әлсіздікке.

Анамнезінен: Өзін соңғы 7 жылдан бері аурумын деп санайды, алғаш рет интенсивті физикалық күштемеден кейін өз бетімен басылған кардиалгия пайда болған. Ешқайда қаралмаған. Соңғы 2 жылда жүрек маңындағы басып ауыратын ауырсынулардың ұзақтығы мен жиілігінің және шамалы физикалық күштемеде демікпенің үдеуі байқалған. Аймақтық дәрігердің нұсқауын (тромбо-асс, кардикет, крестор) қабылдаған. Қазіргі жағдайының нашарлауы соңғы 3 айда жүрек маңындағы ауырсынудың ұзақтығы мен жиілігінің, 1-ші қабатқа көтерілу кезінде ангинозды ауырсынулар, шамалы физикалық күштемедегі демікпенің үдеу түрінде. ОКО-қа диагнозды нақтылауға және миокардтың хирургиялық реваскуляризациялау үшін ауруханаға жатқызылды.

Қарау кезінде: жалпы жағдай салыстырмалы қанағаттанарлық. Конституциясы нормостениялық типті. Тері қабаты физиологиялық түсті. Лимфа түйіндер ұлғаймаған. Шеткері ісінулері жоқ. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек маңы өзгермеген. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы: оң жағы –төстен оң жақта  ІІ қ/а-та, жоғарғысы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шегі, сол жағы –сол жақтан 5 қ/а-та орта-бұғана сызығынан 1,5 см сыртта. Аускультация кезінде жүрек тондары әлсіреген,  қолқада 2 тон акценті, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 76, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды.  Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының шетінде. Курлов бойынша бауыр өлшемі: 10 х 8 х 7 см, көкбауыр: 6 х 4 см. Үлкен дәреті ретті, пішінделген. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — Hb 122 г/л, эритроциттер – 4,1 х 1012/л, ТК – 0,9, лейкоциттер – 7,5 х 109/л, тромбоциттер 200 х 109/л, ЭТЖ – 10 мм/сағ; Жалпы зәр анализі: көлемі — 80,0мл, ақшыл-сары, мөлдір, ақуыз – теріс, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер 0 – 1 к/а. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 20 мкмоль/л, тікелей – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 БІР (қалыпты 0-40 Бірлік), АСТ 34,3 БІР (қалыпты 0-37 БІР), холестерин 6,3 ммоль/л (қалыпты 3,1-5,2 ммоль/л), триглицеридтер – 1,8 ммоль/л, ЛПНП – 3,7 ммоль/л, ЛПВП – 1,1 ммоль/л, КФК 20,2 БІР (қалыпты 0-25 БІР), Тропонин Т  — теріс, креатинин – 68 ммоль/л, жалпы ақуыз — 74 г/л; ЭКГ —  синусты ырғақ, дұрыс. Левограмма. ЖЖЖ минутына 86. II, III, aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі. V1-V3 тіркемелерінде  теріс Т тісшесі. Сол қарыншаның гипертрофиясы.  Тредмил-тест: сынамасы оң. Физикалық күшемеге төзімділік төмен. Коронарография нәтижесі: коронарлы арнаның екі тамырлық зақымдалуы. Консервативті ем ұсынылды. Эхокардиграфия:  аортосклероз. Сол қарыншаның жергілікті систололық қызметінің бұзылыстары анықталмады. Сол қарыншаның диастолық дисфункцияның 1 типі.

Читайте так же про:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар») 2, 9, 10

 

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.