Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Пән:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)

Мамандық:  051301 «Жалпы медицина»

Курс 4

Нұсқа   17

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Ревматоидты артрит. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Анемиялық синдром бойынша ажыратпалы диагноз.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (фтизатрия)
  1. Туберкулездің химиопрофилактикасы.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Тұмау. Диагностикасы. Емі. Арнайы және арнайы емес алдын алуы.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

Науқас, 18 жаста. Шағымдары:  тамақ ішкеннен 1,5 — 2 сағаттан кейін, түңгі уақытта іштің жоғарғы бөлігіндеі ауырсынуға, бірнеше рет болатын жеңілдік әкелетін қышқылды құсуға, қыжылдауға.

Анамнезіне: соңғы 2 жылда, тамақ ішкеннен кейін ауырлық сезіміне, кейде түңгі уақытта іштің жоғарғы бөлігіндеі ауырсынуды байқаған, ауырсынуды өз бетінше алмагельді қабылдаған соң жойылған. Тексерілмеген. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы, жоғарыда айтылған шағымдар пайда болғаннан бастап. Өз бетімен антацидтер қабалдағаннан нәтиже болмаған.

1-курстың студенті, тұрақты тамақтанбайды. 16 жастан бастап күніне бір қорап шылым шегеді. Анамнезінде: әкесінде гастрэктомия, не себептен екенің білмейді.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Нормостениялық. ДСИ 21 кг/м2. Дене температурасы – 36,6°С. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Тілі ақ жамылғымен жамылған, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек тоны анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 88. АҚ 120/80 мм сын.бағ. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрия аймағында ауырсынады, пилородуоденальды аймақта жеркілікті қатаю. Бауыр қабырға доғасында. Көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәреті үш күнде 1 рет, тығыз консистенциялы. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Тексергенде: Жалпы қан анализіHb 160 г/л, эритроциттер- 4,5х1012/л, лейкоциттер — 6,0х109/л. базофильдер-0% эозинофильдер-3%, сегменядролы-67%, лифоциттер-28%, моноциттер -2%, тромбоциттер 240х109/л. ЭТЖ 12 мм/сағ; Жалпы зәр анализі – көлемі 80,0 мл, салыст.тығыз 1020, ақуыз — жоқ, глюкоза – жоқ, лейкоциттер – к/а бірнешеу; Қанның биохимиялық анализімочевина – 7,6 ммоль/л, креатинин – 72 ммоль/л (қалыпты 45-97 ммоль/л), жалпы билирубин – 12,3 мкмоль/л, тікелей билирубин – 4,8 мкмоль/л, АлАТ — 36 бір/л (қалыпты 0-38 бір/л), АсАТ — 24 бір/л (қалыпты 0-40 бір/л), γ ГТП – 100 бір/л (қалыпты 15-106 бір/л), сілтілі фофатаза – 184 нкат/л (қалыпты 139-361 нкат/л), амилаза – 6,8 мл/сл (қалыпты 8,8 мл/сл дейін). Фиброгастродуоденоскопия: асқазанның антральды бөлігінің сілемей қабатының гиперемиясы, ісінуі, он екі елі ішек гиперемирленген, алдыңғы қабырғасында 0,8 см көлемдегі ойықжара байқалады.  Уреазды сынама: оң. Гепатодуоденальды аймақтың  УДЗ: патология анықталған жоқ.

Читайте так же про:  Программа направленная на снижение массы тела:

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

 

Нұсқа   15

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Пневмония. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Ішек диспепсия синдромы бойынша ажыратпалы диагноз жүргізу.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)
  1. Артериалды гипертония стратификация критерилері. Артериалды гипертония кезіндегі қауіп стратификациясы.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (фтизатрия)
  1. Екінші және үшінші қатардағы қатардағы дәрілермен емдеу.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Вирусты гепатит Е. Қоздырғыштың қасиеті. Нұсқалардың ағымы. Анықтау және емдеу принциптері, алдын алуы.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)

 

Клиникалық тапсырма

 

21 жастағы әйел адам. Шағымдары: бетіндегі бөртпеге, шаштарының түсуіне, айқын әлсіздікке, ауыздағы ойықжараларға, дене температурасының 38,8 С көтерілуіне, қол буындарының ауырсынуына.

Анамнезінен: бір жыл бойы шаштарының белсенді түсуін, қол буындарының аурсынуын байқаған. Дәрігерлерге қаралмаған. Бір ай бұрын күшті инсоляциядан кейін бетінде және денесінде эритематозды бөртпелер пайда болған, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілген, проксималды фалангаралық буындарда ауырсынулар күшейген, сол себепті дәрігерге қаралған.

Қарағанда: тері жамылғысы қалыпты, мұрын, бет маңында эритематозды бөртпелер, ерін маңы ісінген, ернінде ойықжаралар. Ауыз қуысында афтозды стоматит. Сүт бездерінің екі жағында, кеуде маңында, арқасында тері жамылғысының гиперпигментациясы. Қолтық асты, шап лимфотүйіндерң 1-2 өлшемге ұлғайған, ауырсынусыз, маңындағы тіндермен бірікпеген. Ісінулер жоқ. Дигиталды артериит. Қолдың проксималды фалангаралық буындардың шамалы ісінуі байқалады. Қолымен қысуы мүмкін, қол саусақтарының қысу күші екі жақта 3 баллға дейін. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 19. Жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс. АҚ-110/70 мм.сын.бағ. ЖЖЖ минутына 78. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Дәреті ретті, пішінделген. Бүйрек маңы өзгермеген, зәр шығару еркін, ауырсынусыз.

Читайте так же про:  Ішкі аурулар Терапии, Фтизиатрии, Жұқпалы аурулар 1, 4, 8

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі – Hb 90 г/л, эритроциттер 3,4х1012 /л, ТК-0,8, тромбоциттер – 340,0х109л, лейкоциттер 3,8х109 /л, таяқшаядролы 1%, сегментядролы 55%, моноциттер 5%, лимфоциттер 38%, ЭТЖ 36 мм/сағ; Жалпы зәр анализі: көлемі -100,0, түсі-сары, мөлдір, салыстырмалы тығыздығы 1020, реакция қышқылды, ақуыз 1,4 г/л, жалпақ эпителий 1-2 к/а, лейкоциттер 5-6 к/а, эритроциттер 0-6-8 к/а. гиалинді цилиндрлер 3-4 к/а.  Қанның биохимиялық анализі: жалпы ақуыз-62 г/л, мочевина 7,33 ммоль/л, креатинин 0,068 мкмоль/л (қалыпты 0,097 дейін), АЛАТ -264 нмоль/л (қалыпты 189 дейін), АСАТ 167 нмоль/л (қалыпты 125 дейін), жалпы билирубин -11,4 мкмоль/л, РФ-154,4 IU/мл (қалыпты 10 дейін), СРБ – 2,4 мг/л. Биомаркеры: антинуклеарлы антиденелер-4,83 пг/мл (0,9 төмен), денатурирленген ДНҚ-ға антиденелер (1 тізбекті) 200 МЕ/мл жоғары (қалыпты 25 МЕ/мл төмен), нативті ДНҚ-ға антиденелер (2 тізбекті) 200 МЕ/мл жоғары (қалыпты 25 МЕ/мл төмен)

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

Нұсқа № 12

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100%
  1. ЖИА. Миокард инфарктысы. Этиологиясы, патогенезі және жіктемесі.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Өкпе инфильтрация синдромы бойынша ажыратпалы диагноз

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы гепатиттің диагностикалық критерилері.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі патогенезі, диагностикасы.

 

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. РС-инфекция. Қоздырғыш түрлері. Клиникалық ағым ерекшелігі. Анықтау және емдеу принциптері.

 

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)

 

Читайте так же про:  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 2014-2015 оқу жылына «Жалпы медицина» 5

Клиникалық тапсырма

 

19 жастағы әйел адам. Шағымдары: жалпы әлсіздікке, жеңіл бас айналуға, тырнақтарының сынғыштығына, шаштарының түсуіне, борға құмартуға.

Анамнезінде:  Етеккірі 12 жаста басталған, көп мөлшерде, 5-6 күннен, әр 24 күн сайын келеді. Тұрмыс құрмаған. Жанұясында 5-ші бала. Күнделікті ішетін тағамдарында ет және балық еті тағамдары аз мөлшерде.

Қарағанда: нормостениялық денебітімді, тері жамылғылары құрғақ бозарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Шеткері ісінулер жоқ. Сүйек — буын жүйесі деформациясыз. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ- минутына 16.  Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖЖЖ – минутына 76, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Ішін пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы астында. Көкбауыры пальпацияланбайды. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.

Тексергенде: Жалпы қан анализі Hb 60 г/л, эритроциттер 2,5х1012/л, лейкоциттер 7,0*109/л, ТК-0,72, эозинофилдер 1%, базофилдер 0%, таяқшаоядролы 6%, сегментоядролы 69%, лимфоциттер 21%, моноциттер 3%.; ЭТЖ-16 мм/сағ, Ht 2%, тромбоциттер-250*109/л; Жалпы зәр анализі — мөлшері 80,0 мл, тығыздығы 1018, ақуыз — жоқ, глюкоза – теріс, лейкоциттер – к/а бірнешеу, жалпақ эпителий 0-1 к/а; Қанның биохимиялық анализі – жалпы билирубин 18,5 ммоль/л, тура билирубин 4,5 ммоль/л, сарысулық темір 5,5 мкмоль/л (қалыпты 10,7-32,2 мкмоль/л), мочевина – 7,6 ммоль/л, Креатинин – 72 ммоль/л, глюкоза — 3,4 ммоль/л. Фиброгастродуоденоскопия: өңеш өтімді, асқазан мен 12-елі ішек сілемей қабаты бозарған, Н-pylori-ге сынама теріс. Колоноскопия: патология анықталмады. Іш қуысының УДЗ: патология анықталмады.

 

Тапсырма

 

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.