Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Пән:  Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Курс 4

Нұсқа № 8

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Бауыр циррозы. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Гипергликемия синдромы бойынша ажыратпалы диагноз.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Жедел гломерулонефриттің диагностикалық критерилері.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Туберкулез инфекциясының ошақтары, топтарды бөлу критериилері, топтар, туберкулезн инфекциясының ошағындағы профилактикалық шаралар.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Парагрипп. Қоздырғыш түрлері. Клиникалық ағым ерекшелігі. Анықтау және емдеу принциптері.

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)

Клиникалық тапсырма

50 жастағы ер адам. Шағымдары: физикалық күш түскендегі ентікпеге, аз мөлшердегі шырышты — іріңді қақырықты жөтелге.

Анамнезінен: 30 жыл бойы күніне 2 қорап темекі шегеді, 26 жыл шахтада жұмыс істеген. 25 жылдан бері таңертеңгі мезгілде қақырық бөлінеді. Соңғы 10 жылдан бері физикалық күш түскенде ентікпенің пайда болғанын байқаған.  Қазіргі уақытта тегіс жолмен 100 метр қашықтықта жургенде ентігу мазалайды. Госпитализацияны қажет ететін өршу кезеңдері алдыңғы жылы 2 рет байқалған.

Қарағанда: Науқастың жағдайы мәжбүрлі (кеудесі алдына қарай бүгілген, қолымен тізесін таянып отырады), арықтаған, тыныс алуы жартылай ашық ауызбен, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттері қатысады,  кеуде клеткасының алдыңғы артқы өлшемі ұлғайған. Перкуссияда барлық өкпе алаңдарында қорапты дыбыс, аускультацияда барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 23. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 88. АҚ 130/90 мм.сын.бағ. Іші  пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.

Тексерген кезде: Жалпы қан анализі Нв 140 г/ л, эритроциттер – 4,7 х1012/л, ТК  0.89,  лейкоциттер 11,0 х109/л, базофилдер 0%,  эозинофилдер 2%, таяқшаядролы 5%, сегментядролы 62%, лимфоциттер 28%, моноциттер 3%.; тромбоциттер 150х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ; Спирография: Тиффно индексі 68%, ОФВ1— 46%, МОС25 – 49,3%, МОС50 45,5%, МОС75 – 47,3%. Пикфлоуметрия: дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – қалыптыдан 48%, ауытқуы 8%. Қанның  газдық құрамы: РаО2— 58 мм.сын.бағ., РаСО2— 75 мм.сын.бағ.

Кеуде клеткасының рентгенограммасы:  

Тапсырма

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  1. Емдеу жоспарын құрыңыз.
Читайте так же про:  Эмбриология человека

Нұсқа 4

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. В12 — тапшлықты анемия. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Бронхтық обстукция синдромы бойынша ажыратпалы диагноз.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы холесциститтің диагностикалық критерилері.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Туберкулез эпидемиологиясы, динамикасы, Қазақстандағы көрсеткіштері

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Жедел дизентерия. Өту барысы, клиникалық критерийлері, ауырлық жағдайын бақылау, Асқынулыры.

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін-  100% (терапия)

Клиникалық тапсырма

62 жастағы ер адам. Шағымдары: сол жақ қолға, жауырынға берілетін жүрек маңындағы қысып ауырсынуға, ауа жетпеу, өлу қорқыныш сезіміне.

Анамнезінен: өзің соңғы 5 жылдан бері аурумын деп санайды, физикалық күштеме кезінде сол жақ жауырынға берілетін, ұзақтығы 5-10 мин, нитроглицерин қабылдағанда басылатын төс артындағы басып ауырсыну, қалыпты физикалық күштеме кезіндегі демікпе мазалаған.  Белгілі уақыт аралығында физикалық күштемеге толеранттылықтың үдемелі төмендеуі байқалады.  Жағдайының кенеттен нашарлауы, бүгін таңертең қатты эмоционалды күйзелістен кейін, сол жақ жауырынға, қолға берілетін жүрек маңындағы басып ауырсыну, өлу қорқыныш, ауа жетпеу сезімі түрінде пайда болған. Өз бетінше нитроглицерин қабылдаған, бірақ ауырсыну басылмаған, «жедел жәрдем» шақырылды. Ауруханаға дейінгі сатыда: морфин 4 мг к/т, аспирин 150 мг ішке берілген. Науқас кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Клиникалық көріністердің пайда болу уақытынан 2 сағат өтті.

Қарағанда:  Жағдайы ауыр.  Нормостениялық типті, тері жамылғысы бозарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған.  Шеткері ісінулер жоқ. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 22. Жүрек маңы өзгермеген. Жүректің тұйығының салыстырмалы шекарасы: оң жағы – төстің оң жақ қырынан 1см сыртқа, жоғарғы – парастерналды сызық бойынша 3 қабырғаның төменгі шеті, сол жағы –сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 1,5см сыртта, 5 қ/а-та. Аускультация кезінде жүрек тондары әлсіреген, қолқада 2 тон акценті. ЖЖЖ минутына 98, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының астында. Курлов бойынша бауыр өлшемі: 10х8х7 см, көкбауыр: 6х4 см. Үлкен дәреті ретті, пішінді. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — Hb– 142 г/л, эритроциттер– 4,1 х 1012/л, ТК. – 0,89, лейкоциттер – 9,5 х 109/л, тромбоциттер 200 х 109/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ; Жалпы зәр анализі: көлемі — 80,0, ашық-сары, мөлдір, ақуыз-теріс, лейкоциттер 1-2 к/а, эритроциттер 0 – 1 к/а; Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 20 мкмоль/л, тікелей – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 БІР (қалыпты 0-40 БІР), АСТ 40,3 БІР (қалыпты 0-37 БІР), холестерин 6,3 ммоль/л (қалыпты 3,1-5,2 ммоль/л), КФК 40,2 БІР (қалыпты 0-25 БІР), Тропонин Т 4 мкг/л (қалыпты 0,5 мкг/л), креатинин – 68 ммоль/л, жалпы ақуыз — 68 г/л; ЭКГ төменде көрсетілген.

Читайте так же про:  Что такое ликвор!

Тапсырма

  1. Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  2. Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
  3. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
  4. Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
  5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

Нұсқа 1

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Жедел ревматикалық қызба. Этиологиясы, патогенезі және жіктемесі.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Асқазан диспепсиясы бойынша ажыратпалы диагноз.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)
  1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің диагностикалық критерийлері.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (фтизатрия)
  1. Біріншілік туберкулез патогенезі, диагностикасы.

  • Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (жұқпалы аурулар)
  1. Риновирусты инфекция. Қоздырғыш түрлері. Клиникасы. Диагностика негіздері. Емі.

  • Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін —  100% (терапия)

Клиникалық тапсырма

27 жастағы әйел адам. Шағымдары: жүректің жиі соғуына, жүрек жұмысының бұзылысына, шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігудің пайда болуына, терлегіштікке, ашушаңдыққа, жылаусырауға, дене салмағының жоғалтуына, айқын әлсіздікке.

Анамнезінен: өзің соңғы 5 жылдан бері аурумын деп санайды, алғаш рет шамалы физикалық күштеме кезіндегі ентігу, тахикардия, жалпы әлсіздік пайда болған. Симптомдар айқын байқалмағанан кейін дәрігерге қаралмаған. Соңғы жылда 15 кг-дай салмақ жоғалтқан (75кг-нан 60-кг-дейін). Жағдайының кенеттен нашарлауы бір апта ішінде жедел респираторлы инфекциядан кейін қызба 39С, диффузды терлеу, жалпы әлсіздік пайда болған. Содан кейін тахикардия, жүрек жұмысының ретсіздігі, астеникалық синдром үдеген. Шамалы физикалық күштеме кезіндегі ентігу, тобыққа дейінгі ісінулер қосылған. Науқас өз бетінше түнде 2 таблетка аспирин, амоксиклавты 2 капсуладан 5 күн  қабылдаған. Қызба басылған, бірақ жүрек жұмысы, тахикардия мен айқын ентігу сақталған. Жүрек жұмысының бұзлысы мен айқын астеникалық синдромның сақталуына байланысты жергілікті аймақтық терапевтке қаралған.

Читайте так же про:  Ішкі аурулар Терапия, Фтизиатрия, Жұқпалы аурулар 5, 7

Қарағанда:  Жағдайы орташа ауыр.  Нормостениялық типті. Тері жамылғысы бозарған, ылғал, ұстағанда жылы, дене дірілі байқалады. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. тобыққа дейінгі ісінулер байқалады. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек маңы өзгермеген. Салыстырмалы жүрек тұйығының шекарасы: оң және жоғарғы шекарасы қалыпты, сол жағы –сол жақ орта-бұғаналық сызықтан 1 см сыртта, 5 қ/а-та. Аускультация кезінде жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс емес. ЖЖЖ минутына 135, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды.  Асқорту ағзалары бойынша перкуторлы көлемдері өзгермеген. Үлкен дәреті ретті, пішінді. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Бастың қалыпты кезінде қалқанша без жақсы көрінеді, «семіз мойын» байқалады, ауырсынусыз, тығыз. Көз алмасы саңылауының ассиметриясы, көз алмасының шығып тұруы, көзді жұмғанда қабақтарының треморы, сирек жыпылықтау анықталады.

Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі — Hb– 136 г/л, эритроциттер– 4,6 х 1012/л, ТК. – 0,9, лейкоциттер – 7,2 х 109/л, ЭТЖ – 2 мм/сағ; Жалпы зәр анализі: көлемі — 80,0, ашық-сары, мөлдір, ақуыз-теріс, лейкоциттер 1-2 к/а, эритроциттер 0 – 1 к/а; Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин 20 мкмоль/л, тікелей билирубин – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 БІР (қалыпты 0-40 БІР), АСТ 33,3 БІР (қалыпты 0-37 БІР), холестерин 2,5 ммоль/л (қалыпты 3,1-5,2 ммоль/л),  креатинин – 60,0 ммоль/л, жалпы ақуыз — 61 г/л. Қалқанша без гормондары: ТТГ – 0,01 мкМЕ/мл,(қалыптыда 0,23-3,4), Бос Т3 – 10,0 нмоль/л(қалыпты 2,5-7,5), Т4 бос – 60,0 нмоль/л (қалыпты 10,0-23,2 ). Қалқанша без УДЗ: қалқанша без ұлғайған, жалпы көлемі 51,0 см3, (әйелдерде жоғарғы қабырғасы 18 см3), Эхогенділігі төмендеген, қанайналым жоғарылаған. ЭКГ: жүрекшенің фебриляциясы, ЖЖЖ – 140 соққы минутына.