Дәріс жоспары:

  1. Өңдеу тәсілі бойынша жіктелуі
  2. Балалар өнімдерінің ассортименті

 

Балалар тамақтандыру өнімдерін өндіру тәсілдеріне байланысты, сонымен қатар бала ағзасының жастық физиолого-биохимиялық деңгейіне сәйкес келуі бойынша кастарға бөледі.

Өндіріс тәсілері бойынша балалар сүт өнімдерін келесі түрлерге жіктейді:

құрғақ өнімдер;

сұйық стериленген өнімдер;

сүтқышқылды және паста тәріздес өнімдер.

Балалары емдік тамақтандыру үшін өнімдер ерекшеленген.

Өз кезегінде 5 топқа бөлуге болатын әр көрсетілген түрге балалардың жас ерекшеліктерін және әйел сүтіне бейімделу деңгейін ескере отырып өнімдер енгізілген.

Бірінші топ — бұл туылған күннен бастап 6 айлыққа дейін балаларың тамақтануын қамтамасыз ететін өнімдер. Бұл жас аралығы ағзаның физилго-биохимиялық және асқрыту жолының ферменттік жүйесі жетілмеген ерекшеленген белгілерімен сипатталады.Бұл кезде негізгі тамақ ана сүті немесе оны алмастырушылар болуы керек.

Екінші топ — бұл 6 айдан бір жасқа дейін балалардың тамақтануын қамтамасыз ететін өнімдер. Энергетикалық және пластикалық материалдың негізгі көзі болып ана сүті қалады және гуманизирленген сүт өнімері. Бірақ олар біртіндеп физиолого-биохимиялық жетілу және асқорыту ферменттерінің секрециясы прцестерінің тұрақтануына байланысты өсіп келе жатқан ағзаның талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болып табылады. Бала тамақтануында тағам өнімдерінің тізімі арпа-бидай, көкөністер, жемістер, ет енгізу есебінен кеңейеді.

Читайте так же про:  Цоликлондарды қолданып тікелей агглютинация реакциясымен қан топтарын және Rh- факторды анықтау

Үшінші топ — бір жастан үш жасқа дейінгі балалардың тамақтануын қамтамасыз ететін өнімдер. Бұл жас кезені ас қорыту жүйесінің тез жетілуімен және оның қызмет ету сипатының ересек адамдікіне жақындаумен сипатталады.

Төртінші топ— Бұл мектепке дейінгі жастағы 3-тен 6-7 жасқа дейінгі балалардың тамақтануың қамтамасыз ететін өнімдер. Бұл жаста балалар ересектердің тамақтануына үйренеді және барлық табиғи және консервіленген өнімдерді ассимилирлей алады десек те болады.

Бесінші топ – мектепке дейінгі балалардың тамақтануын қамтамасыз ететін өнімдер. Бұл жас тобының балалары тағам өнімдерін ассимирлеу қабілеті бойынша ересектерден аз ерекшеленеді. Мектепке дейінгі және мектеп орындарында төртінші және бесінші топ балаларының тамақтануыерационалды ұйымдастыру қажет, барлық құнды тағамдық қасиеттерін максималды сақтайтын және сәйкес орамды технологиялық өңдеудің жұмсақ режимдері бар өнімдерді шығару қажет.

Ең маңызды және жауапты міндет болып ана сүті жоқ болғанда негізгі тағамдық ингридиенттермен ерте жастағы балалардың сұраныстарын қамтамасыз ету үшін бірінші және екінші топтың тағам өнімдерін өндіруді ұйымдастыру.

Біздің мемлекетте шығарылатын және өндіріске енгізуге дайындалған бала сүт өнімдерінің ассортименті өте кең. Оған 50 астам өнім кіреді.

  • Бала тамақтану бөлімінде істейтін ғалымдардың жетістіктерін, сонымен қатар алдыңғы қатардағы шетелдердің тәжірибесін ескере отырып отандық бала тамақтану өнімдерін өндіру жақын жылдарда келесі бағыттарда дамиды:
  1. сұйық стерилденген және сүтқышқылды балаларға арналған өнімдердің өндірісін жоғарылату;
  2. сарысу ақуыздарының қоспаларын пайдаланып әйел сүтіне химиялық құрамы және қасиеттері бойынша барынша жақындатылған өнімдерді өндіру;
  3. қорғаныс факторымен (бифидо бактериялар, лизоцим, гетероиммунды глобулиндер) байытылған құрғақ және сұйық бейімделген сүт қоспаларының өндірісін меңгеру;
  4. жетілмеген балалар үшін арнайы сүт қоспалары өндірісін меңгеру;
  5. мектепке дейінгі және мектеп тамақтандыруына арналған жаңа өнімдер өндірісін меңгеру;
  6. көкөніс және жеміс толықтырғыштарымен балалар сүт өнімдері өндірісін меңгеру;
  7. әртүрлі ауруларға шалдыққан балаларға арналған арнайы өнімдер өндірісін ұйымдастыру.
Читайте так же про:  Балалардың тамақтануындағы сүт пен сүт өнімдерінің ролі. Әртүрлі жастағы балалардың тамақтану ерекшелігі

Ерте жастағы балаларға арналған жаңа бейімделген қоспаларды жасағанда өндіріске сарысуды және сүтті электродиолизді тұзсыздандыру процесстерін, сонымен қатар ультрафильтрлікқоюландыру процестерін енгізу маңызды орын алады.

Балалар тамақтану өнімдерін өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыруда АМН тамақтандыру Институтымен ұсынылған талаптар және принциптер ескеріледі, олар төменде көрсетілген:

  1. балалар тамақ өнімдерін жас ерекшеліктері және олардың әр жас тобының физиолого-биохимиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі бойынша диифференцирлеу;
  2. жоғары биологиялық құнды балалар тамақтану өнімдерін табиғи (консервіленбеген түрде өндіру;
  3. бастапқы шикізатты технологиялық өңдеудің аяушы режимдерін қолдану;
  4. шикізат сапасына және балалар тамақтану өнімдерін өндірудің санитарлы-техникалық режимдеріне қатаң талаптарды қамтамасыз ету;
  5. балалар тамақтану өнімдерін өндіру үшін арнайы кәсіпорындар және шикізат аймақтарын ұйымдастыру, үлкен арнайы зауыттарда өздерінің ең қатаң агротехникалық, мал дәрігерлік және санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтағанда жоғары сапалы шикізат өндіретін ауылшаруашылық плантациялары және фермалары болуы керек.

Өндіріліп жатқан балалар сүт өнімдерінің ассортименті әр түрлі жас топтарындағы сау және ауру балаларды жоғары сапалы биологиялық толыққұнды тағам өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.