Дәріс жоспары:

  1. Құрғақ сүт ботқаларының ерекшеліктері
  2. Технологиясы

 

Құрғақ сүт ботқалары химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы бойынша жарма қайнатпалары қосылып жасалған сүт қоспаларына жақын, бірақ олардың рецептурасы өзгеше.

Құрғақ сүт ботқаларын жасау процессі жарма қайнатпаларымен жасалған сүт қоспаларын өндіретін технологиялық жабдықтарда ұнды, құрғақ сүтті, қантты араластыру арқылы жүргізіледі. Құрғақ сүт отқаларын өндірудің негізгі операциялары компоненттерді араластыруға дайындаудан, оларды мөлшерлеуден және араластырудан, сонымен қатар дайын өнімді бөлшектеу және буып-түюден тұрады, яғни ол жарма қайнатпалары қосылып жасалған сүт қоспаларын өндіру операцияларына ұқсас жүргізіледі.

Тағамдық  концентраттар өнеркәсібінде өндірілетін құрғақ сүт қоспаларында балаларға қажет витаминдер мен полиқанықпаған май қышқылдары болмайды.  Осыған байланысты құрамына С, РР, B1, B2. В витаминдері және полиқанықпаған май қышқылдары ретінде өсімдік майы кіретін байытылған «Малыш» сүт ботқасының технологиясы жетілдірілді. Көрсетілген компоненттер дамып келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет.  Байытылған ботқаларды құрғақ сүт негізін (Малыш» қоспасына ұқсас)талқан немесе ұн (күріш, қарақұмық, сұлы), С, РР, B1, B2. В витаминдерін және сахарозаны қосып дайындайды.

Читайте так же про:  Балалар сүт өнімдерінің технологиясы. Құрғақ сүт өнімдерінің технологиясы

«Малыш» ботқасының «Малыш» сүт қоспасынан айырмашылығы көмірсулық құрамының (ұнның мөлшерін көп мөлшерде қосуға байланысты), сонымен қатар май, сахароза және витаминдердің мөлшерінің өзгешелігінде. «Малыш» сүт ботқасын өндіруде темір препаратын қосу рецептура бойынша қарастырылмаған. Қалпына келтірілген сүт ботқасының консистенциясын жақсарту үшін ұнды (күріш, қарақұмық, сұлы) қосымша жылулық өңдеу қарастырылмаған.

Құрғақ  «Малыш» сүт ботқасын 10°С жоғары емес және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы  75% артық емес жерде 6 ай артық сақтамайды.

Балалар және диеталық тамақтануға арналған ұнды қарақұмық, сұлы және күріс жармасынан тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында дайындайды. Ұнды алудың технологиялық операциялары келесідей: жарманы қоспалардан тазарту, магниттік қоршаудан өткізу, жуу, булау, кептіру, салқындату, ұсақтау, елеу, бөлшектеу.

Сұлы талқанын өндірудің схемасы келесі операциялардан тұрады:  қоспадан тазарту, жуу, ұзақ қыздыру, кептіру, салқындату (20—35°С), қауызынан тазарту және мезгасын бөліп алу, ұсақтау (уату), елеу, бөлшектеу .