ЖМ 3 курс студенттерінің интеграциялық емтиханның II кезеңі

Пән: Физиология-2 

Кезен:  Адамның проприоцептивті ( сінір) рефлекстері.

Тізе рефлексі.

Емтихан алушыларға  ақпарат: төменде берілген өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес студент адамдардың проприоцептивті сінір рефлекстерін дұрыс бағалай білуі керек. Студент пациентің (волонтердің) рефлекстерін анықтайды және өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруі керек.

.

Қадам

Қадамдарды бағалау өлшемдері Балдық көрсеткішпен бағалау
Өте жақсы* Қолайлы** Түзету талап етеді*** Қолайсыз****
1. Пациентпең визуальды қарым- қатынас  жасады. 10 7,5 5,0
2. Амандасып,өзін таныстырды. 10 7,5 5,0
3 Зерттелушіні аяқ бұлшық еттерін босаңсыған күйде  екі аяғын айқастырып, орындыққа отырғызды. 10 7,5 5,0
4 Пациентің эмоциональдіқ жағдайын бақылады 10 7,5 5,0
5 Пациентің эмоциональдіқ жағдайын түсіндірді 10 7,5 5,0
6 Неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті сіңірінің үстінен, тізесінің төменгі жағынан ақырын ғана соғып жіберіді 10 7,5 5,0
7 Студент тізенің жазылу рефлексін байқап, балғашықпен соққан орынында  сінір рецепторлардың орналасқан жері деп түсіндірді. 10 7,5 5,0
8 Рефлекс доғаның тұйықталған орыныны. (Рефлекс доғасы  3-4 бел омыртқа сегментінің нейрондарында тұйықталады). 10 7,5 5,0
9 Нәтижесін бағалау: рефлекс айқын байқалуы мен симметриялылығы міндетті түрде ескеріледі .  Бүлшык ет күші мен рефлекторлық доғаның бөлімдері сақталуында, рефлекс айқын байқалуы мен симметриялығы  қалыпты деп бағаланады Рефлекторлық доғаның бөлімдері зақымдалса, рефлекс  болмайді, не төмендейді. Пирамид  жүйесі зақымдалғанда рефлекстің төмендеуі, не бүзылуі байқалады. 10 7,5 5,0
10 Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып,   сөз сөйлеу мәдениеттің көрсетті. 10 7,5 5,0
  Барлығы 100 75 50

Кезеңде қойылатын максимальды балл — 100.                                                                                                 Тапсырманы орындау уақыты —  5  мин

 

Ескерту:

* Тәжірибелік дағдының  әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; алынған нәтижені дұрыс бағалайды;   неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;

** Тәжірибелік дағдының  әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; алынған нәтижені дұрыс бағалайды;  неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;  

*** Тәжірибелік дағдының  әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды; алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды;   неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын     көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;

**** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды;   жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;

 

 

Қалыпты физиология модульнің мәжілісінде бекітілді  31 қазан 2014 ж.  №4 хаттама

 

Читайте так же про:  Сүт қышқылды және паста тәрізді өнімдер